Басты бет Ақындар деген екен... Жол ережесі мен ел ережесі

Жол ережесі мен ел ережесі

 787 1

      Сыр еліндегі ақындардың ақсақалы, өтірік өлең айтысының шебері сырдариялық Замаддин Ибадуллаев бір кездері көлігімен келе жатып, бір келіншекті жаяу жүргіншілер жолынан өткізбей, жол ережесін бұзса керек. Мұны байқап қалған жол сақшысы ақынды дереу тоқтатып, қасына жетіп барады да:

—   Сіз ереже бұздыңыз, жаяу жүргіншіге жол беруге тиіссіз, неге тоқтамадыңыз? – депті. Сол кезде Замаддин ақын дереу қулыққа басып:

—   Ол келіншек біздің ауылдың келіні еді, әдеп сақтап қайынатасының жолын кеспей тұрғаны , әйтпесе тоқтамай не көрініпті?! – деген екен. Тапқыр ақынның уәжіне тоқтаған жол сақшысы еріксіз езу тартып, құжаттарын қайтарып бере салыпты.

Пікірлер(1)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *