Аздық етеді…

 872 3

           Ақтаулық айтыскер ақын Нұрлан Мұсаев үйленіп, құдалық тойына Жүрсін Ерман ағамыз барады. Нұрланның қасындағы күйеу жолдасы қарынды, алып денелі, еңгезердей «нән» жігіт екен. Әлгі жігіт Жүрсін ағаны  көріп, амандасуға қасына келеді.

Жөн сұрасып болған соң Жүкең әлгі жігіттің тұлғасына таңғала қарап тұрып «Атың кім сенің?» деп сұрапты. Жігіт жолдас «Атым – Қосқали» десе, Жүрсін ағамыз күліп тұрып: «Атыңды дұрыс қойыпты, әйтпесе сенің мына түріңе бір Қали аздық етеді» деген екен.

Пікірлер(3)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *