Әсет Найманбайұлы (1867-1923)

 744 0

Әсет Қарқаралы уезінің Темірші болысына қарайтын 8-ші ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Қоңырат ауданы, Қызыларай ауылы) туған.Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы Әсеттің ата мекені болған.

Әсет жеті-сегіз жасында Көктұмада (қазіргі Семей облысы, Мақаншы ауданы, Бақты ауылы) Зейнулла  имамның медресесінде оқиды. Он төрт-он бес жасқа  келгенде әкесі өліп, Көктал болысындағы нағашысына барады. Көп ұзамай Әсет әншілігімен  жұрт көзіне түсе бастайды. Ол осы елде үйленіп, тұрып қалады да, шешесін қолына алдырады. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болған.

Әсет ойға жүйрік, көркем сөзге шебер, тілге бай ақын. Тегінде әншілік өнеріне ден қойғанынан болу керек, өзінің ақындығына көп мән бермей келіп, ақыры  өлер алдында «кейінгі ұрпаққа Абайша сөз қалдырмадым» деп қатты өкінеді. Әсеттің тағы бір  ерекшелігі  күрделі сюжетті дастандар жазуды да машықтанған. Қай шығармаларын алсақ та оның үлкен өнер иесі  болғандығы көрініп тұр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *