Сара Тастанбекқызы (1878-1916)

 2 683 0

Сара Тастанбекқызы 1878 жылы қазіргі  Талдықорған облысының төңірегінде, Ақсу өзені бойында  дүниеге келген. Әкесі Тастанбек  кедей шаруа,  ағаштан түйін түйген шебер болған. Бірақ әкесінен  жастай жетім қалған Сара  бауыры Сақаримен  бірге анасы Жаншөкенің  тәрбиесін көреді. Әкелерінің інісі, ел ішінде палуан атанған Жайсаңбек деген жігіт қолы қысқа болса да бұларға бас-көз болып жүреді. Алайда жастай ауыр тұрмыстың  тауқыметін тартқан Сара ескіліктің шырмауынан шыға алмайды. Өнерлі, өжет қыз соған қарамастан  өлеңін серік етіп, бас бостандығын алуға талпынады.

Сараның есімін қазақ баласына мәшһүр еткен оның Біржан салмен айтысы. Әлеуметтік көтерген жүгі мол, көркемдігі жоғары  бұл шығарма айтыс өнерінің алтын қорына қосылған  қымбат қазына. Айтыс алғаш рет 1898 жылы Қазан қаласынан жеке кітап болып басылып шықты. Ол Октябрь  революциясына  дейін де, Кеңес өкіметі тұсында да сан рет жарық көріп халықтың сүйікті шығармасына айналды.

Сараның бұдан басқа да айтыстары, төл шығармалары болған. Бірақ сақталып қалғаны аз. «Жетісудың бұлбұлы» атанған ақын қыз бұл шығармаларында әлеуметтік теңсіздік мәселелерін көтеріп, кедейлердің ауыр тұрмысын,  ел әкімдерінің озбырлығын,  қалыңмалдың құрбаны болған қазақ қыздарының аянышты өмірін суреттейді. Ақын Сара 1916 жылы 38 жасында дүние салды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *