МЫҚИ Талғат

 1 458 0

ТалғатМЫҚИ Талғат

        1988 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданында туған. Өлеңді мектепте оқып жүрген кезінен жаза бастап, қалам ұстаған қауымның назарына ілінді. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. «Ақберен» жас ақындар мектебінің белсенді шәкірті болды. Республикалық, облыстық, қалалық деңгейлерде өткен әдеби-мәдени шаралардың тұрақты жүлдегері. «Абай оқулары», «Тіл – ұлттың жаны», М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған ІІ Республикалық байқау, «Дала дарындары» фестивалі, «Бейжіңді бағындырған батырлар», тағы басқа көптеген әдеби-мәдени шаралардың жеңімпазы. ІІ Республикалық жазба ақындар мүшайрасында «Шабыт» арнайы сыйлығына ие болған. «Жан дауыс» (2008), «Қылшыққұм» (2010) жыр жинақтары жарық көрген. Бірнеше Республикалық айтыстың жүлдегері.

Талғат Мықи мен Дидар Қамиевтың айтысы. 2011 ж. (Бейне)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *