МЫРЗАБЕК Құдайберлі

 370 0

--дайберлі    МЫРЗАБЕК Құдайберлі Рахымбекұлы

        1964 жылы 7 шілдеде Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақан ауылында туған. Мамандығы – филолог, тарихшы. Бүгінде М.Ғабдуллин мұражайының директоры. Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі. «Айрауық» (өлеңдер жинағы), «Қармыс атаның ұрпағы» (деректі повесть), «Ащылы-Жекебояқ» (өлеңдер жинағы) кітаптарының авторы. Көптеген шығармалары бірнеше топтық жинақтарға енген. Әуесқой композитор. Батырлар жырынан үзінділерді, терме-толғауларды жатқа жырлайтын, көне мақамдарды кейінгі ұрпаққа насихаттаушы жыршы. Халық ауыз әдебиеті мұраларын жинақтаушы.  

         1985 жылдан бастап айтыс сахнасында ақындық өнерімен аты шыққан Құдайберлі Рахымбекұлы Қазақстанның халық ақыны,  Қазақстан ақын-жыршылар одағының тұңғыш президенті Көкен Шәкеевтің шәкірті.

           Бүгінгі Көкеннен жалғасқан ақындар мектебінің мәртебесін көтеріп жүрген Арман Бердалин, Әлібек Серғалиев, Қуаныш Оспанов, Құрмет Құралхан, Азамат Қожановтарды дайындап ел алдына шығарған ұстаз. Мерген Тоқсанбай секілді жиырмадан астам жас ақындарға жазба поэзиядан бағыт-бағдар беріп жүрген тәлімгер. Көкше өңірінде өткізіліп келе жатқан бірнеше тарихи танымдық мәдени шаралардың, айтулы жобалар сценарийлерінің авторы, бастамашысы. Ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ұсыныстары мен жобалары облыс басшылығы тарапынан қолдауға ие болып, бағдарламаларға енгізілген.

         Ш.Уәлихановтың 150 жылдығына орай өткен  айтыста ІІ орын (1985),  XVII облыстық айтыста І орын (Көкшетау, 1986) иегері. Республикалық комсомол ақындар радиоайтыстың (Алматы, 1987), Республикалық айтыстың (Қызылорда, 1987), Екібастұз қаласында Наурыз мейрамына орай өткізілген айтыстың  (1990) жеңімпазы. Республикалық телеайтыстың лауреаты (1985). Халықаралық ақындар айтысының жүлдегері (Өзбекстан, 1990), ІІІ республикалық ақындар айтысында ІІІ орын (Алматы, 1990), Иса Байзақовтың 90 жылдығына арналған республикалық  айтыста ІІ орын (Павлодар, 1990), Үкілі Ыбырайдың 130 жылға толуына арналған республикалық айтыста ІІ орын (1990), Республикалық ақындар айтысында Бас жүлде (Павлодар, 1991), Республикалық айтыста Ж.Бегімбетов атындағы бас жүлде (Талдықорған, 1991), Қарағанды облысы, Шет ауданы, Майасар ақынның тойында республикалық айтыста бас жүлде (1994), С. Мұқановтың 100 жылдық мерейтойына арналған ақындар айтысында Бас жүлде (СҚО,2000), «Ұлыстың ұлы күні — Наурызым» республикалық айтыста І орын (Орал,2002), Жазушы Хамза Есенжанов пен ақын Тайыр Жароковтың 100 жылдық мерейтойларына арналған «Жайықтың қос қыраны» республикалық ақындар айтысында ІІІ орын (Орал,2008), «Тәуелсіздікке – тағзым» облыстық ақындар айтысында І орын (2010) иеленген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *