Нұрлыбек Баймұратов (1887-1969)

Нұрлыбек Баймұратов (1887-1969)

 1 190 0

Нұрлыбек Баймұратов бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданында, «Семьяр» деген ауылда дүниеге келген. Ел арасында айтыскер ақын, жалынды жыршы болып танылған ол Ұлы Отан соғысы жылдары халыққа рух беретін отты жырларымен кең танылған. Ол алғаш үлкен айтыс сахнасына 1922 жылы Исамен,  1939 жылы Нартаймен, 1943 жылы Маясармен, 1944 жылы Төлеумен сөз сайысына түскен. 1938 жылы Алматыда өткен халық ақындарының тұңғыш слетінде Нұрлыбек ақын көрермендерге жоғары деңгейден көріне білді. Осы айтыстан соң 1939 жылы Нұрлыбек Баймұратовқа Қазақ СССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері деген құрметті атақ берілді.

Нұрлыбек Баймұратов 1949 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, өз өнерімен көпшілік құрметіне бөленіп, абыроймен оралады.

Ақынның «Қала сұлуы», «Қанды жорық», «Ер Төлеген» атты дастандары елге кеңінен танымал. Республикаға атағы кең жайылған ақын қартайып, 1969 жылы 82 жасында дүние салды. Оның артында қалған бай әдеби мұрасы қазақ халық поэзиясының алтын қорына үлкен үлес болып қосылып, әрдайым оқырман жүрегінен орын таба береді деп сенеміз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *