МЫРЗАХАН Қанат

 601 0

Канат    МЫРЗАХАНҰЛЫ  Қанат

       1993 жылы 6 қантарда Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген.  №2 Мыңбұлақ орта мектебін үздік  бітірген (1999-2010). Қазір Алматыдағы Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің 4-курс білімгері. Мамандығы программист.

      «Қазақстан, өркенде, қанат жайып ертеңге» тақырыбында өткен облыстық айтыста бас жүлде (2008),  Жамбыл облысының 70 жылдығына арналған айтыста II-орын (2009), Оңтүстік Қазақстан облысында өткен республикалық Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған айтыста II-орын (2009),  Жамбыл облыстық «Жыр алыбы — Жамбылым» атты айтыста бас жүлде (2009), осы тақырыпта өткен айтыста бас жүлде (2010),  Алматы қаласында өткен республикалық Ғали Ормановты еске алуға арналған жас ақындар айтысында III-орынды жеңіп алды (2010). 2010 жылы ‘’Қазақстан-Тараз’’ телеарнасының 20 жылдығына арналған айтыстың жүлдегері. 2011 жылы Алматы қаласында болған “Егемендік — ел бақыты” атты қалалық жас ақындар айтысында I-орын, “Қазақшаң қалай, Алматы?” атты жас ақындар айтысында бас жүлде,  КазҰПУ-дың ұйымдастыруымен өткен Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған айтыста “Тапқыр ақын” аталымын иеленді. Алматыда өткен “Тәуелсіздік көктемі” айтысында ІІІ-орын (2012) иегері, «Хабар» арнасының ұйымдастырған “Жастар жырлайды” жобасының екі дүркін жеңімпазы. Астана қаласында өткен «Астана күніне» арналған ақындар айтысында (2012) және Оңтүстік Қазақстан облысында өткен “Абылай хан мен Төле биді еске алуға арналған” Республикалық ақындар айтысында ІІ-орынды жеңіп алды (2013). Осы жылы Талдықорған қаласында өткен Республикалық студенттер айтысында бас жүлдені иеленді.

            Қазақстан Ұлттық телеарнасы ұйымдастырған “Сөзмерген” бағдарламасына қатысып, “Сөзмергені” атанды. Жастайынан Б.Түлкиев атындағы таэквондо спорт клубында жаттығып, Қазақстан Республкасының үш дүркін чемпионы атанды. Таэквондодан І-дан қара белбеу иегері.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *