Ахметжан айтыпты

 1 018 0

        2012 жылы Байқоңыр қаласында аймақтық айтыс болып, Тараздың белгілі айтыскер ақыны Ахметжан Өзбеков пен қызылордалық жас ақын қыз Мөлдір Айтбай қызықты қыз бен жігіт айтысын жасайды. Сөз бастаған Ахметжан ақын:

«Қарындас, сізбен болсын жұмысымыз,

Бойжетіп өзгеріпті жүрісіңіз.

Науқанға білек түріп кірісейін,

Ораққа келіп қапты күрішіңіз» деп салған жерден тап береді. Оған жас ақын қыз Мөлдір:

         «Әзілмен әңгімеңді бастап алып,

         Сөйлейсің жыр шегеңді тасқа қағып.

         Жең түріп күріш орам деп келгенде,

         Масақ теріп қайтпағын масқара қып!» деп қалжыңды қыздыра түсіпті.

Сонда Ахметжан іле-шала:

         «Қыз емес, қыздың аты қызыл алма,

         Көркіне қараған жан қызығар ма?

         Масақ теріп қайтардай, менен бұрын

         Келіп кеткен біреудің ізі бар ма?» деген екен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *