НИЯЗОВ Мұхтар

 670 0

Мухтар Ниязов       НИЯЗОВ Мұхтар Мәуленұлы               

             1985 жылы 4 қарашада Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туылған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті филология  факультетінің түлегі. 2009 жылдың наурызынан бастап «Ақ сөйле!» атты ақындар  бірлестігінің басшысы.   2004 жылы Астана қаласында өткен ҮІ Халықаралық  «Шабыт»   жастар  шығармашылығы фестивалінің  поэзия  номинациясы  бойынша  дипломанты.

            Қызылорда қаласында өткен Республикалық «Елбасы Жолдауы – Елдіктің арқауы» атты ақындар айтысында І орын (2005.), Орал қаласында өткен халық батыры Сырым Датұлының 265 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының  (2008 )  Бас жүлде иегері. Қызылорда қаласында өткен «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына арналған «Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!» атты республикалық  айтыста жүлделі ІІ орын (2009), Байқоңыр қаласында өткен  «Байқоңырдан ғарышқа» атты ғарыш айлағының 55 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының (2010) Бас жүлдесін, Шымкент қаласында Наурыз мерекесіне арналған  дәстүрлі  республикалық  Наурыз айтысында ІІ орын (2011), Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай  Ақтау қаласында  өткен «Тәуелсіздік толғауы» атты  республикалық ақындар айтысының Бас жүлдесін, Алматы қаласында өткен Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыуымен өткен «Төртеу түгел болса…» атты республикалық ақындар айтысының Бас жүлде, Елордада  Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған «Біздің ел осындай» атты республикалық ақындар айтысының (2012) Бас жүлдесі «Алтын домбыраны» иеленген.

Мұхтар Ниязов пен Еркебұлан Қайназардың айтысы. 2011 ж. (бейне)

Мұхтар Ниязов пен Дидар Қамиевтың айтысы. 2011 ж. (бейне)

Мұхтар Ниязов пен Балғынбек Имаштың айтысы 2012 ж. (бейне)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *