НҰРИМАНОВ Бекарыс

 484 0

Бекарыс фото   НҰРИМАНОВ Бекарыс Тілегенұлы

          1986 жылы 24 сәуірде Қызылорда облысы Қазалы ауданы Өркендеу ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетін бітірді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне «қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша магистранты.           Айтысқа алғаш мектеп қабырғасында жүріп қатыса бастады. 2004 жылы Орал қаласында өткен аймақтық ақындар айтысында және Ақтөбе қаласында өткен Республикалық айтыста жүлделі ІІІ орын (2005), Қызылорда облысында өткен студенттер айтсында І орын (2005) иегері атанды. Республикалық діни өлеңдер мүшайрасына да қатысып, І орын алып, кіші қажылыққа жолдама алды (2008). Қазір «Тәуелсіздік жылдарындағы айтыс жанры» деген тақырыпта десертация жұмысын жазып жүр. «Асыларна» Ислами ағартушылық телеарнасында журналист болып қызмет атқарады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *