ОМАР Әнуар Серікбайұлы

 348 0

Ануар Омар   ОМАР Әнуар Серікбайұлы

        1968 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін қазақ тілі және әдебиет мамандығы бойынша (1998), Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша (2006), Қазақ қатынас жолдары университетін экономика мамандығы бойынша (2010) бітірген. Бірнеше республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері.

            Еңбек жолын 1985 жылы Жезқазған облысы Ұлытау ауданындағы Урожайный кеңшарында тракторшы болып бастады. 1986 жылдан 1988 жылға дейін қарулы күштер қатарында болды.
Ұлытау агроөнеркәсіп кешенінде көлік жүргізуші, Жезқазған басқармасындағы «Казцветремонт» трестінде бетоншы (1989-1990), Жезқазған облысында «Сарыарқа» газеті редакциясында аға тілші (1992-1995), Жезқазған облыстық филармониясында шығармашылық ұжымының директоры (1996-1997),  Жезқазған қаласының №1 орта мектебінде қазақ тілі және әдебиет мұғалімі (1997-1998), Т. Қалмағанбетов атындағы Жезқазған қалалық филармониясының директоры (1998-2000), Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары (2000-2002),  «Сарыарқа» газеті бас редакторының орынбасары (2002-2003),  «Ақ жол» демократиялық партиясы Жезқазған филиалының аппараты жетекшісі (2003-2004),  Жезқазған қаласының «Алтын аймақ» газетінің құрылтайшысы және редакторы (2004-2006),  Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы (2006-2008),  Жезқазған қаласының «Нұр-Құрыш» ҚБ төрағасы (2008-2009),  Жезқазған қаласының мемлекеттік мұрағат директоры (2009-2010),  Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары (2010 жылдың мамырынан тамыз айына дейін), Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімі (2010 жылдың тамызынан 2013 жылдың маусымына дейін) болып қызметтер атқарған.     
2013 жылдың маусым айынан бері Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі болып қызмет атқарады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *