Сембай  Жансақов (1954 – 2005)

Сембай Жансақов (1954 – 2005)

 806 1

Сембай  Молдахметұлы  Жансақов 1954 жылы   бұрынғы  Семей  облысы  Ақсуат  ауданы  Көкжыра  ауылында  дүниеге  келген. 1972 жылы М.О.Әуезов  атындағы  орта  мектепті  бітірді. Жастайынан  өлең  өрген  талапкер  ауыл  ішінде  ақындығымен  ерте  танылды. Сексенінші  жылдардан  бастап  айтысқа  түсіп, тапқыр да  суырып  салма  дарынымен  аудандық, облыстық , республикалық  айтыстардың  жүлдегері, дипломанты  атанды.   Бүкілодақтық  жастар  фестивалінің  лауреаты. 1989  жылы  Керекуде  өткен  республикалық  айтыста  1-ші  жүлдеге  ие  болды. Бұдан  кейін  әр  жылдары   Алматыда, Семейде, Шымкентте, Ақтөбеде, Жамбылда өткен  сайыстарға  қатысып, үнемі  жеңімпаз  атанып, жүлдемен  оралып  жүрді. Өз заманында жұмбақ  айтыстың,  қайым  айтыстың  хас  шебері  атанды. Ауыл  мәдениеті  мен  өнердің  дамуына  сүбелі  үлес  қосты. 1977 жылдан  бастап 30  жылға  жуық  уақыт /өмірінің соңына   дейін/ Көкжыра  ауылы  мәдениет  үйін  басқарып,  абыройлы  қызмет  атқарды.  2005 жылы  1 сәуірде  қайтыс  болды.

Пікірлер(1)

  1. мен аганы козим корген 2003-04 жылдары айнур Турсынбаева апайымыз депутаттыкка бак сынаган жылдары биз аганын уйинен дам татканбыз Биыл туган ауылында айтыс отеди Иншалла катысам

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *