ЖАҚИЯНОВ Серікхан

 337 0

жахиянов  ЖАҚИЯНОВ Серікхан Алпысұлы

     1959 жылы 18 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылында дүниеге келген. Көлбай Төгісов (бұрынғы Надежда Крупская) мектебінде 8 сыныпты бітірген (1966-1974). Айдын жастар комсомол бригадасында мал баққан. 1976 жылы кеңшар жолдамасымен аудан орталығындағы Ақжар селосында кәсіптік техникалық қысқартылған мерзімдегі 1 жылдық училищені бітіріп тракторист мамандығын алған. 1977-1979 жылдары әскер қатарында болған. 1981 жылы қазіргі Лениногорск қаласында қысқартылған мерзімде 1 жылдық мамандығы бойынша жоғарылау курсында оқып, жетекші ел басқару мамандығын алып шыққан. 1982 жылы трактористер жетекшісі болып тағайындалған.       Еңбек ете жүріп 1984 жылы күз айында аудандық айтысқа қатысып, І орынға ие болып, сол жылы облыстық ақындар айтысына қатысып І орын алып, облыстың бас ақыны атағын алған. Ауылдық мәдениет үйінің директоры (1987), аудандық мәдениет бөлімінде автокөліктер клубының меңгерушісі (1988) болып еңбек еткен.
Бірнеше облыстық, республикалық айтыстардың жүлдегері болды; Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ақын Манап Көкеновпен айтысып батасын алған (1988). Оның ақындығына риза боп, болашақ өнеріне сенім артқан Манап ақын басындағы тақиясын кигізіп, 18 жыл ұстап келе жатқан домбырасын өз қолымен Серікханға ұсынған.
Талдықорған қаласында өткен «Біржанның інілері, Сараның сіңлілері» атты республикалық ақындар айтысына қатысып жеңіс тұғырынан көрінген. Ақтөбе облысының 120 жылдық тойы мен Құдайберген Жұбановтың 90 жылдық мерейтойына арналған айтыста жүлдегер атанды.
Торғай облысында «Үш арыс» деп аталған республикалық айтыстың бас жүлде, Қостанай қаласында өткен Ы. Алтынсарин атындағы айтыстың І орын, Семей қаласында өткен желтоқсанға арналған республикалық айтыста бас жүлде, Тарбағатай ауданында Қабанбай батырдың 300 жылдық мерейтойына арналған республикалық айтыстың І орын (1992) иегері. Алматы қаласында өткен халықаралық ақындар айтысының жүлдегері.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *