СҰЛТАНХАН Мейірбек

 1 284 5

Мейірбек СҰЛТАНХАН Мейірбек Бектұрсынұлы

         1993 жылы 26 маусымда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. М. Ломоносов атындағы орта мектепте білім алған (2000-2011). «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Оттан да ыстық Отаным» атты облыстық ақындар айтысында бас жүлде, 2006 жылы Ел Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған Жалағаш ауданында өткен «Тәуелсіз елім – өз елім» атты облыстық ақындар айтысының І орын және Қызылорда қаласында Кеңес Одағының Батыры Т.Көмекбаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Сыр қыраны» атты облыстық ақындар айтысының бас жүлдегері.     Талдықорған қаласында өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық айтыста ІІ орын (2008), Ақмола облысы Ақкөл ауданының 80 жылдық мерейтойына байланысты өткен республикалық айтыста бас жүлде, Талдықорған қаласында өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысында бас жүлде (2009), Астанада қала күніне орай өткен дәстүрлі республикалық ақындар айтысының бас жүлде, Көкбай Жанатайұлы және Ақылбай Абайұлының 150 жылдығы және абыз ақын Шәкір Әбеновтің 110 жылдық мерейтойына арналған республикалық айтыстарда І орын, Мұстафа Шоқайдың және халық ақыны Нартай Бекежановтың 120 жылдығына, ғылым қайраткері Мұхамеджан Қаратаевтың 100 жылдығына, Социалистік Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаеваның 90 жасқа толу мерейтойына арналған респбуликалық айтыстардың ІІ орын, Елордада Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған «Біздің ел осындай» атты республикалық ақындар айтысында І орын (2012) иеленді.

Қазіргі уақытта Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті.

Пікірлер(5)

  1. Бала кезден айтысқа құмар болып,
    Ал, бүгінде шыңға біткен шырар болып.
    Елінің батпан жүгін арқау етіп,
    Төгіліп жүр көпшілікке жар- ән болып,
    Заманыңың керегесі тар болсада
    Бұынгының ізін жалғар сыңар болып,
    Ал, өзің көтеріліп биіктерге,
    Әр сөзің әлі- ақ жүрер ұран болып.

  2. Бас жулденi,мейiржан ,1орынды Жансая Мусина,2орынды Әсем Ережеқызы,3орындарды Айбек пен Төлеген алуы тиiс едi!ринаттын айтысын неге көрсетпедi?

  3. Тума талантқо мына жігіт…
    P.S… админдер Ақтөбенің бір ақынын салмапсыңдарғо тізімге.
    P.S… немесе Ақтөбеде айтыскер ақын жоқ па еді…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *