ШОЙБЕКОВ Бекарыс

 877 2

беке  ШОЙБЕКОВ Бекарыс Ақсақалұлы

      1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Отырар ауылында дүниеге келген. Қ.А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін түрік тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірді (1993-1997). 1999 жылы «Қазақ әдебиеті» кафедрасында магистратураны, 2001 жылы аспирантураны тәмамдады.Еңбек жолын 1999 жылы осы университеттің «Аударма орталығында» аудармашы болып бастады. 2003 жылы «Халықаралық қатынастар» бөлімінің бастығы, 2006 жылдың қыркүйек айынан Түркология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып істейді. 2009 жылдан «Өнер мектебі» МКҚК директоры. Ж. Жабаевтың 150 жылдық, Қабанбай батырдың 300 жылдық, Жәнібек тарханның, Ахмет Байтұрсыновтың т.б. мерейтойларына арналған халықаралық және республикалық айтыстардың жеңімпазы. Алматы қаласында өткен республикалық айтыстардың (1997-1998), Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналып Ташкент және Түркістан қалаларында өткізілген халықаралық айтыстардың, Астана қаласында өткен «Тәуелсіздік тағылымдары» атты республикалық айтыстың (2001), Түркістан қаласында өткен «Тәуелсіздік тағдырым» атты халықаралық ақындар айтысының жеңімпазы (2001). Республикалық ақындар айтысының Біржан сал және Көпбай Омаров атындағы жүлделерінің иегері (2001-2002). Республикалық «Ұлытау үні» фестивалінің, Аңырақай шайқасының 270 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған О. Бөкей атындағы және Ж. Молдағалиевтің 80 жылдығына арналған республикалық айтыстардың лауреаты. Республикалық «Наурыз» айтысының, сондай-ақ мемлекет қайраткері Н. Оңдасыновтың 100 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының (2004), Тараз қаласында өткен «Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы» (2005), Шымкент қаласында өткен «Асқарға баста, Ақ Орда» атты республикалық ақындар айтысының (2006), Алматы қаласында «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл» толуына орай өткізілген республикалық айтыстың (2006) бас жүлдегері.  Облыстың мәдени және рухани өміріне белсене атсалысқаны үшін бірнеше мәрте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

       «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарының иегері. Отырар ауданы мен Түркістан қаласының Құрметті азаматы. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. ҚР Мәдениет қайраткері.

Пікірлер(2)

  1. Бекарыс аға, шашасына шаң жұқпайтын ерекша дарын иесі. өнерде де өмірде табыстар тілейміз!!!

  2. Бекарыс бауырым айтыс өнерінде ғана емес,мәдениет пен қоғамда орны бөлек, ерекше тұлға! Мақсаттарың орындалсын. Денсаулық пен табыстар тілеймін!!!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *