АСҚАРОВ Ерік

 696 1

Ерік АсқарАСҚАРОВ Ерік

(1959-2003)

       1959 жылы Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданы (бұрынғы Булаев) Дүйсеке ауылында дүниеге келген. Қазақ драма театры жанындағы актерлік студияны, Алматы мемлекеттік театр- көркемсурет институтын, Көкшетау гуманитарлық университетін бітірген.
Бірқатар өлеңдері «Қарлығаш», «Жетіген» ұжымдық жинақтарына енді. «Көгілдір», «Қазақстан ғасыры», «Астана жұртын айналсам» жыр жинақтары жарық көрді.        Айтыс өнеріне үлкен үлес қосқан ақындығымен қатар белгілі аудармашы, драматург. О. Бөкейдің «Қар қызы» повесі мен С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасы бойынша бейнефильмдер түсірген.
М.Мақатаев атындағы сыйлықтың, Қазақстан комсомолы сыйлығының иегері, Халықаралық «Түріксой» поэзия фестивалінің лауреаты.
2003 жылы қайтыс болды.

Пікірлер(1)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *