ОРАЗЫМБЕТ Бөрібай (Ақ-Бөрі Қыдыр)

 540 0

Бөрібай Оразымбет  ОРАЗЫМБЕТ Бөрібай Қыдырбекұлы  (Ақ-Бөрі Қыдыр)

       1954 жылы 18 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай өңірінде туылған. Қазақ елінің абыз ақсақалы Д.А. Қонаевтың ақ батасын алған айтыскер ақын. 1991 жылы Маңғыстаудағы Қашағанның 150 жылдық мерей тойында ел оған Ақ-БӨРІ есімін берген.
      Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының І, ІІ құрылтайының делегаты. Халықаралық айтыстар мен мүшәйралардың жеңімпаз-жүлдегері.
   «Абылай хан» алтын медалінің иегері, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық фестивальдің Гран-При иегері, республикалық термешілер байқауының лауреаты. «Ақ-БӨРІ ақын» атты телефильмінің бас кейіпкері, Қазақ-қырғыз халық ақыны Естебес Тұрсыналиев атындағы сыйлықтың иегері.    Өлеңдері «Мырзашөл-менің мекенім» (1990), «Теңіздің дәмі-тамшыдан» (1993), «Бекет ата» (1996), «Ел мен Елбасы» (2003), «Мырзашөл-атамекенім» (2002), «Алтын алқа» (2004), «Аллаға мадақ» (2010), «Әйгілі Әз аға» (2012) жинақтарына және Өзбекстандағы (1999), Қазақстандағы (2012) мектеп оқулықтарына басылған.
    «Махаббатым, мәңгісің» (1996), «Елім, менің сырымды ұқ!» (1997), «Ақ-БӨРІнің айтыстары» (1998), «Қайың болды бір шыбық» (1998), «Менің мың бір түндерім» (2001), «Тамшы-таным» (2004), «Қос арман» (2005), «Усойқы ойлар» (2006), «Ақ-БӨРІ ақын айтқан екен» (2008), «Бір ой – бір әлем» (2012), «Өзіңе арнадым…» (2013), «Айта салдым…» (2013) атты жеке кітаптарының авторы. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *