Басты бет Мақалалар Ұлттық арнада — айтыс!!!

Ұлттық арнада — айтыс!!!

 553 3

     Үстіміздегі жылдың 19-20 жұлдызында Сәтбаев қаласында өткен айтыстың бейненұсқасы «Қазақстан» Ұлттық арнасынан көпшілік көрерменге жол тартпақ! 19 cәуір сағат 15.35 — те, 20 сәуір 15. 10 -да көк жәшіктен көре аласыздар.  Қапы қалмаңыздар!  Естеріңізге сала кетейік, сөз сайысында еліміздің бірнеше облысынан он алты ақын бақ сынаған болатын.  Жамбол Көпбосынов, Еркебұлан Қайназар, Бекарыс Шойбеков, Төлеген Жаманов, Рүстем Қайыртайұлы, Әсем Ережеқызы, Нұрмат Мансұров, Бауыржан Халиолла, Аян Сейітов, Жұлдыз Елеусізова, Мақсат Ақанов, Иран-Ғайып Күзембаев, Мейірбек Сұлтанхан, Жансая Мусина, Ринат Зайытов, Айбек Қалиев сынды ақындар өнер көрсеткен аламан айтысты жіберіп алмаңыздар!

Пікірлер(3)

  1. Айтысты көрдік, бірақ жарнамада Ринат Зайытов айтысады деп берілгенімен, эфирден көре алмадық. Себебін түсіндіре кетсеңіздер екен.

  2. Ұлттық арнадан берілген айтыстарыңды көрдік. Құйрық- жалы күзелген бірдеңе. Айбек пен Ринаттың айтысы жоқ. Халық сол айтысты Айбек пен Ринат үшін көргісі келеді. Сәтпаевта өтсе жергілікті ақын алуы міндетті ме. Ыңыранып әрең айтысып отыр ғой Бас жүлдегерлерің. Бәрі жасанды. Ақындарды аяқтан шала беріп,жігерлерін құм қылудың не қажеттілігі бар. Айтыссүйер қазақтың бір баласы ретінде ойым ғой. Байғұс ақындар ойыншыққа айналып барасыңдар…

  3. жазған пікірді жариялай алмасаңдар несіне пікір қалдырамыз? Әп-әдемі ән еді пұшық шіркін қор қылдының кері ғой жүнін жұлған тауықтай қылыпты айтыстарыңды Ұлттық арна

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *