Бұдабай ҚАБЫЛҰЛЫ (1842-1912)

 1 332 0

Бұдабай ҚабылұлыБұдабай Қабылұлы   (1842-1912)

       1842 жылы Қызылорда облысы  Шиелі ауданы Жөлек ауылында туып, 1912 жылы сонда қайтыс болған.  Айтыс ақыны. Бұдабай өткір сөзді ақын, терме, толғау, мақтау, сынау, сөзге шебер дарынды дүрдің бірі. Оның алғаш ақын ретінде танылуы Қарлығаш деген қызбен айтысынан басталады. Жастайынан өлең-жырға әуес Бұдабай шығармаларының біразын жазып қалдырған. Өлеңдерінің басым көпшілігі ел бірлігі мен татулықты жырлауға, араздасқандарды бітімге шақыруға арналған.      Кейбір нысапсыз, парақор ел басшыларын сынай отырып, бұрынғы өткен әділ би, кемеңгер шешендердің үлгілі істерін көлденең тартады, сөйтіп, оларды дұрыс жолға салмақ болады («Әлмәмбетке», «Әжібай мен Торғайға», «Аппазға», тағы да басқа). Оның есімі жоқтау жырлаумен де белгілі болған. «Әйекені жоқтау» деп аталатын жыры ел арасына кең таралған көркемдігі мен құрылысы жағынан ерекше туынды. Бұдабайның «Әшірдің баласы Сыздықты жоқтау», «Әлмәмбеттің жалғыз баласы өлгенде» атты туындылары да жұртқа мәлім. Ақынның «Өзім жайлы», «Көңіл туралы», «Өмір туралы», тағы да басқа өлеңдері белгілі. (Қазақша уикипедия)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *