ТҰРСЫНБАЕВА Айнұр

 744 0

Айнур Т ТҰРСЫНБАЕВА Айнұр 

         1977 жылы 1 мамырда Семей облысы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Бірнеше мәрте республикалық, халықаралық ақындар айтысына, Францияда, Түркияда, Қытайда, Моңғолияда өткен ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
      Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына байланысты Алматы қаласында өткен халықаралық ақындар айтысының бас жүлдегері. Астана қаласында өткен Иса Байзақовтың 100 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері. Петропавл қаласында өткен Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері. Семей қаласында өткен ел егемендігінің 10 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері. Павлодар қаласында өткен Әлкей Марғұланның 100 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері. Алматы облысы Жамбыл ауданының 80 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері. Жезқазған қаласында өткен Шымболат Ділдебаевтың 70 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *