ОРАЛОВА Кәрима

 908 0

Кәрима Оралова  ОРАЛОВА Кәрима Датанқызы

       1973 жылы 30 қыркүйекте Ордабасы ауданы, «Бадам» стансасында туған. 1980-1988 жылдары Бадамдағы Қ.Мұңайтпасов атындағы сегіз жылдық, 1988-1990 жылдары С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде білім алған. 1990-1994 жылдары Шымкент педагогикалық мәдениет институты (қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚМУ) музыка-педагогикалық факультетінің музыка мұғалімі мамандығын алып шықты.
        Өнер жолын 1989 жылы бастады. Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Қ.Мүсірепов атындағы шығармашылық бірлестіктің мүшесі болды. Аудандық, облыстық, республикалық айтыстардың бірнеше реттік жеңімпазы.       Алматы қаласында өткен «Біржанның інілері, Сараның сіңлілері» атты ақындар айтысында І орын (1999), Ташкент қаласында өткен халықаралық ақындар айтысында бас бәйге (1999), «Мәдениетті қолдау» жылына орай өткен республикалық айтыста Іорын (2000), «Аңырақай шайқасына» арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты республикалық айтыста І орын (2001), Оңтүстік Қазақстан облысының 70 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысында І орын (2002), Тараздың 2000 жылдығына орай өткен айтыста ІІ орын (2002), Оңтүстік Қазақстан облысының 70 жылдығына арналған респубикалық айтыста бас жүлде (2002), Мәскеу қаласында өткен Қазақстанның атынан барған республикалық ақындар айтысында бас жүлде (2004. қазан айы.), Ташкент қаласында Рахматулла Райымқұловтың 90 жылдығына орай өткен халықаралық ақындар айтысында І орын (2004), Ташкент қаласында өткен Өзбекстан Республикасы мен ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай өткен халықаралық ақындар айтысында І орын (2011), Қызылорда облысы Бесарық ауылында өткен республикалық айтыста І орын (2011) иеленген.
      Облыс әкімінің «Жылдың ең үздік ақыны» атағының иегері (2002).  Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ қоғамдық кәсіптер факультетінің қызметкері.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *