Басты бет Ақындар деген екен... Сізбен бірге ілесіп келмесе…

Сізбен бірге ілесіп келмесе…

 800 1

     Жетісудың сөзұстарлары Есенқұл Жақыпбеков, Ермек Жұматаев, Оразалы Досбосыновтар шариғатты жақсы білетін бір имамға барып уағыз тыңдап отырады. Уағыз қызған кезде имамның бірнеше шәкірті кешігіп келіп отырады. Сол сәтте 

уағыздың қызығына кірген Ермек байқамай ауызын кеңірек ашып есінеп қояды. Қасында отырған жаңағы шәкірттердің бірі «Есінегенде ауызыңызды қолыңызбен жабыңыз, әйтпесе шайтан кіріп кетеді», – деп ескерту жасайды. Сол сәтте Ермек жұлып алғандай: «Шайтан бағана біз кіргенде жоқ болатын, сізбен бірге ілесіп келмесе», – деген екен.

Пікірлер(1)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *