Басты бет Ақындар деген екен... Бойымның микрофонға жетпегені-ай

Бойымның микрофонға жетпегені-ай

 820 1

Шымкентте қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың құрметіне республикалық деңгейде дүбірлеген айтыс өтеді. Айтысқа Алматы облысының атынан Есенқұл Жақыпбеков қатысады. Айтыстың соңында ақындарға жүлде тарату кезінде жүлдегерлер бір шумақтан өлең арнап кетіп жатады. 

Кезегі келгенде өзінің алдында шыққан ұзын бойлы ақынның көтеріп кеткен микрофонына бойы жетпей қалған аласа бойлы Есенқұл микрофонды төмендететін тетігін таба алмай жанталасып жатқанда халық оның әрекетіне ду күледі. Бойының аласалығына қапаланған Есенқұл:
Дүние әттеген-ай, әттеген-ай,
Бойымның микрофонға жетпегені-ай.
Қажымұқан Алматыға кеп жүргенде,
Бір түнеп апамызға кетпегені-ай, –
деген екен.

Пікірлер(1)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *