ТҰРСАНОВ Махамбетқали

 972 0

М. Тұрсанов ТҰРСАНОВ  Махамбетқали

       1937 жылы 1 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданыМұстафа Шоқай ауылында (бұрынғы Бірінші Мамыр) туылған. Шиелі ауданында мәдениет салаларында көп жылдар бойы еңбек етіп, әсіресе, облыста айтыс өнерінің дамуына, баба мұрасын ұрпақтардың жалғастыруына мол үлес қосқан.
      1974 жылдан Шиелі ауданы Бәйгеқұм бекетінде кәсіптік техникалық училищеде, кеңшарларда сан салалы қызметтер атқарған. 1986 жылдан зейнетке шыққанша аудандық Мәдениет бөлімінде еңбек еткен.    1979, 1980, 1982, 1985, 1987, 1988, 1990 жылдары Қызылорда қаласында өткен дәстүрлі облыстық ақындар айтысының жүлдегері. Ол 1983 жылы Талдықорған, 1984 жылы Алматы, 1986 жылы Орал, 1987 жылы Павлодар, 1990 жылы Қазақстан Республикасының 70 жылдығына арналған Алматыда өткен айтыстарға қатысып, І дәрежелі дипломдармен марапатталды.
    Суырыпсалма ақындық өнердің үздік үлгісін меңгерген Махамбетқали Тұрсановтың бір ерекшелігі оның есте сақтау қабілетінің өте жоғары деңгейде екендігінде. Ол осы мезгілге дейін түскен айтыстарының барлығын қарсыласының да сөздерін қоса жатқа біледі.
   Кейінгі ұрпаққа ұлттық мұраны жеткізуде сіңірген еңбегі үшін облыстың Бас ақыны Қазақстан Республикасы Президентінің 24 қазан 2000 жылғы № 477-ші Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ақынның дауысы «Тұран» Халықаралық ғылыми зерттеу орталығының фонотека қорына жазылып алынған. 2005 жылы «Халқым бар ардақтаған ақындарын…» атты айтыстар жинағы жарық көрген.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *