ІЗТІЛЕУ Асхат

 934 0

Ізтілеу АсхатІЗТІЛЕУ   Асхат 

     1984 жылы 9 шілдеде Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. Бақанас ауылының №2 орта мектебінде (1990-1996), Қапшағай қаласындағы №1 қазақ-араб балалар интернатында тәрбиеленіп, Д.А. Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебінен білім алған (1996-2001). Ең алғаш осы мектеп қабырғасында жүріп сахнаға шығып, қалалық, аймақтық оқушылар айтысының жүлдегері атанған, «Жамбыл жұлдыздары» атты фестивальде I орынды иеленген.      Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дәстүрлі музыкалық өнер факультетінің түлегі (2001-2005). Астана қаласындағы №18 орта мектепке мұғалім (2005-2006), Алматыға қоныс аударуына байланысты Қазақ радиосының Руханият бөлімінде (2006), Ақпарат-сараптама және таңғы бағдарламалар редакциясында жүргізуші-редактор болып жұмыс істеген (2009-2012). 2012 жылдан бері «Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасының тілшісі.
    VIII Халықаралық «Шабыт» фестивалінде III орын (2005), «Қазақ әдебиеті» газетінің 70 жылдық меретойында II орын (2005), Бақанаста өткен «Үш жампоз» асында бас бәйге (2007), Талдықорған қаласында өткізілген «Елбасы Жолдауы- елдіктің арқауы» атты республикалық айтыста бас жүлде, Қаратал ауданының 80 жылдық мерейтойында IIорын (2008) иегері.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *