0  1 981

КӘРІПЖАН Аманғазы

 1 981 0

Аманғазы Кәріпжан КӘРІПЖАН Аманғазы Әлімғазыұлы

        1964 жылы 27 сәуірде бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданы Қызылкесік ауылында туған. «Ленин жолы» кеңшарына қарасты «Жас қанат» қой өсіруші комсомол-жастар бригадасында еңбек еткен (1981-1982). 1982 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне сырттай түсіп, 1986 жылы күндізгі бөліміне ауысып, 1992 жылы тәмамдады. Аралық уақыттарда Алматыдағы құрылыс-монтаж басқармаларында бетоншы, ағаш ұстасы болып еңбек етті. 1986-1988 жылдары Желтоқсан көтерілісі кезінде алаңдағы мінбе маңында «Республиканың бас тілі қазақ тілі болсын!» деп айтқаны үшін оқудан және комсомол қатарынан шығарылып, қауіпсіздік комитеті тергеуіне алынды. 2011 жылы ҚР Бас прокуратурасы арқылы толық ақталды. Республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші (1993 жылдан), «Қазақстан» телеарнасында жүргізуші, редактор (1994-2002) болып еңбек етті. Шығармашылығы Қазақстан және ҚХР баспасөзіне жарияланған.          «Жаралы Желтоқсан», «Желтоқсан сүргіні», «Желтоқсан жыры», «Жүректегі жұлдызым», «Батыр Қайраттың балалық шағы», т.б. кітаптардың авторы. Теледидар саласында мақал-мәтелдер, жұмбақ, өзге ұлттардың қазақша өнері, өтірікшілер сайысы, суырыпсалмалық өнер, т.б. жанрларды біріктіретін және Қазақстанның жер-су аттарына арналған авторлық бағдарламалар топтамасын жасаған.
            Шақшақ Жәнібек бабаға арналып, Қазақстан Жазушылар одағында өткен жыр мүшәйрасында бас жүлде, Қарағандыда өткен республикалық жыраулар байқауында ІІІ орын, Қырғызстанда өткен халықаралық ақындар айтысында ІІІ орынды иеленіп, республикалық «Жігіт сұлтаны» және сазгерлер, жыршылар байқауларына қатысқан. Қазақстан Жазушылар одағында өткен «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» жыр мүшәйрасының І жүлдегері. Суырыпсалмалық өнеріне ғалымдар З. Ахметов, Т. Қожекеев, Ө.Жолдасбеков және ақын Қ. Алтынбаев, т.б.ризашылық танытқан.
      Бірнеше қоғамдық ұйымдар мен өнер бірлестіктерін құруға атсалысқан. 2011 жылдан Желтоқсан ардагерлерінің республикалық «Желтоқсан ақиқаты» газетінің бас редакторы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *