0  1 531

СӘРСЕНБАЕВ Сырымбек

 1 531 0

Сырымбек СӘРСЕНБАЕВ Сырымбек Жақсыбекұлы

       1983 жылы 12 наурызда Атырау облысы Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін 2005 жылы тарихшы мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.
           Айтысқа 2004 жылдан бастап қатысып, халықаралық, республикалық айтыстарда жеңімпаз және жүлдегер атанды. Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының 160 жылдығына арналған республикалық айтыста бас жүлдені (2006), Орал қаласында өткен «Ана тілім – айбарым» атты ақындар айтысында ІІ орын, Алға қаласының 50 жылдығына және Әбубәкір Кердері бабамыздың мерейтойына арналған дүбірлі додаға айналған үлкен республикалық айтыста жүлделі І орын (2012) иегері. Қазақстан ұлттық телеарнасы ұйымдастырған «Аламан айтыс» тележобасында ширек финалға дейін жетіп, айтыс қорытындысында «Арқалы ақын» атты арнайы номинация жеңімпазы атанды (2008).Сонымен қатар 2010 жылы Тәуелсіздігіміздің 19 жылдығына арналған елордамыз Астана қаласындағы республикалық деңгейде өткен айтыста арнайы марапатқа ие болды. Жалпы саны 50-ге жуық халықаралық, республикалық, аймақтық, облыстық айтыстарға қатысып, жеңімпаз және жүлдегер атана білді.
   Бүгінгі таңда жазба поэзияға қанат сермеп, өлеңдері тұрақты түрде баспасөз беттерінде жарияланып, жыр мүшәйраларына қатысып жүр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *