ОТАР Олжас

 847 0

Олжас ОТАР Олжас Асангелдіұлы

1977 жылы 30 мамырда Жамбыл облысыТалас ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген. Тараз қаласы бойынша салық басқармасында бөлім басшысы болып қызмет атқарады.
1991 жылдан бастап ақындар айтысына қатысып келеді.Қызылжар қаласында өткен республикалық айтыста үздік өнер көрсетіп, Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылына арналған аймақтық айтыстың лауреаты атағын иеленді (1998). Студент жастар арасында өткен «Жас толқын» атты республикалық байқаудың айтыс номинациясы бойынша І орын (2002), «Жасампаз елдің ертеңі — жастар» атты облыстық жас ақындар айтысында ІІ орын (2005), «Желтоқсанды жырлаймын» атты облыстық жас ақындар айтысында ІІІ орын (2006) иеленген.       Стамбұл қаласында өткен ақындар айтысына Қазақстаннан жолдама алған 6 ақынның бірі болып қатысып, жүлдемен оралды (2007). Алматы қаласында өткен ҚР Президентінің «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауына байланысты, рухани және мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамыту мақсатында Оңтүстік аймақтық салық комитеттерінің арасында өткізілген «Менің тұсаукесерім» байқауының І орын жүлдесімен марапатталды (2007). 2006-2008 жылдар аралығында тікелей эфирлерден «Қазақстан»республикалық телерадиокорпорациясының қолдауымен өткізілген «Айтыс Қазақстан чемпионаты» және «Аламан айтыс» додаларында Жамбыл облысының намысын қорғап, жүлделі орындардан көріне білді.
    2011 жылы республикалық «Ел Арна» телеарнасының ұйымдастыруымен өткізілген «Саз Әлемі» бағдарламасында «Жылдың үздік әні» атанған әнші Қайрат Нұртастың орындауындағы Бауыржан Есебаев шығарған «Ауырмайды жүрек» әнінің сөзін жазған. «Көріскенше менің Аяулым», «Ауырмайды жүрек», «Жылдар мен Жолдар», «Шыда жүрек», «Сен жайлы» әнін «Жалын» тобы, «Тараздың Арулары!», «Жылдар мен Жолдар», «Ұмыттың ба», «Қанатыңның түсі», «Ақтамақ» әндерінің сөзін жазған.
   ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Құрмет грамотасымен (2007), Тараз қаласы мәслихатының Құрмет грамотасымен (2010), Тараз қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен (2011), Тараз қаласы мәслихатының Құрмет грамотасымен, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2013).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *