1  2 752

СЫЗДЫҚОВ Әбілхайыр

 2 752 1

Әбілхайыр СЫЗДЫҚОВ Әбілхайыр Әбілпәттаұлы

    1971 жылы 23 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде туған. Аудан орталығындағы №3 мектеп-интернатты үздік бітірген. Қ. А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті филология факультетінің түлегі (2004). 1988 жылдан бастап аудандық, облыстық айтыстарға қатыса бастаған. Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкеновтің шығармашылық мектебін тәмамдап, өнер жолына бет бұрған. 1995 жылдан бастап бірнеше республикалық, халықаралық ақындар айтысының жүлдегері.    Аудандық мәдениет бөлімінде кешен меңгерушісі, әдіскер қызметтерін (1992-2001), Қоныстық мәдениет үйінің директоры (2001),аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің меңгерушісі (2004 жылдың қыркүйек айынан бастап), Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары (2007-2008), Жаңақорған аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» басшысы (2008 жылдан бастап) болып қызметтер атқарған.
Алматы қаласында өткен «Абылайхан – айбарымыз, Елбасы – ертеңіміз» атты республикалық айтыста (2000), Қызылорда қаласында өткен Ғ.Мұратбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысында (2002) бас жүлде иемденді.
    2003-2004 жылдары республикалық «Жекпе-жек» телеайтысына алғашқылардың бірі болып қатысып, жырсүйер қауымнан өз бағасын алды. «Өнер жылына», Ел Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында (2006) І орын,Қызылорда қаласында өткен ақын Т.Ізтілеуұлының 125 жылдығына арналған «Тау тұлға – Тұрмағамбет» атты республикалық ақындар айтысының (2007)ІІ орын, Халық ақыны Манап Көкеновтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Манаптың бір өзі – бір театр» атты республикалық ақындар айтысының (2008) ІІІ орын, Арал күндері аясында «Арал деп соғады жүрегім» атты ақындар айтысының (2011) ІІІ орын, Жаңақорған ауданында Қ.Алдабергеновтің 150 жылдық мерейтойына арналған «Егемен елдің ақындары» атты аймақтық ақындар айтысының (2011) ІІІ орын иегері.
       2000 жылы облыс әкімінің стипендианты, Қазақстан Жастар одағының сыйлығы иегері, облыстың «Үздік ақыны», ауданның «Жыл адамы» атанды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тәуелсіздікке 10 жыл» белгісімен (2001), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2003) марапатталған.

 

Пікірлер(1)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *