БАЙДӘУЛЕТОВ Мамыр

 1 686 0

Мамыр БАЙДӘУЛЕТОВ Мамыр Байментайұлы

       1970 жылы 25 сәуірде Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылында дүниеге келген. №130 Абай атындағы орта мектепті бітірген. Қорқыт Атат атындағы университеттің «Дәстүрлі өнер, жыр» кафедрасын тәмамдаған. 1991 жылдан бастап облыстық газетке топтама өлеңдері шыққан.
       Ең алғаш Манап Көкеновтың 70 жылдығына арналған ақындар айтысына қатысып (1997), «Студенттер мен жастар» арасында өткен айтыста жеңімпаз болды (1998). Асқар Тоқмағамбетовтың 90 жылдығына арналған ақындар айтысында арнайы жүлде иеленген(1999).        Республикалық ІІ Шабыт фестивалінің дипломанты (1999). Жалағаш ауданында өткен облыстық айтыста ІІ орын, Абайдың 150 жылдығына арналған жазба ақындар айтысында 1 орынды иеленді. Ақтау қаласында «Каспий – достық теңізі» атты фестивальде ІІІ орын (2006 ж.24-26 тамыз), Сырдария ауданының 80 жылдығына арналған «Тойлауда бүгін Сыр елі – Сүлейлер қонған жыр елі» атты республикалық ақындар айтысында Бас жүлде (2009 ж. Қазан.), Облыстық «Аналар – асыл жандар» атты ақындар айтысында 1 орын иеленді (2011).
     Облыстық айтыста «Өтірік айтыс» жарысында І орын иегері (2007), Алматы қаласында өткен тікелей эфирдегі республикалық жекпе-жек айтыстың екі дүркін жеңімпазы (2007-2008).Ақтау қаласында болған «Каспий – достық теңізі» атты халықаралық фестивальдың поэзия номинациясы бойынша ІІІ орын (2009), Маңғыстауда Құлбарақ батырдың 220 жылдық тойына арналған республикалық айтыста ІІ орын (2010) иеленген.
         2000 жылы Мәдениетті қолдау жылына байланысты сіңірген еңбегі үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *