НАУШАБЕКОВ Жарқынбек

 2 466 3

Жарқынбек НАУШАБЕКОВ Жарқынбек Абазбекұлы

     1976 жылы 12 қаңтарда ОҚО Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1993 жылы орта мектепті, 1997 жылы Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты бітірген. Айтыс өнеріне мектеп жасынан араласқан. Алғашқы ірі жеңісі, 1992 жылы Шымкент облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алған. Республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2008 жылдың қорытындысы бойынша «ОҚО-ның ең үздік айтыскер ақыны» номинациясын иеленген. «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен наградталған. Қазіргі таңда Сарыағаш аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры.

Пікірлер(3)

  1. Оу….кудай ау Актобенин бир акынын салмапсындарго тизимге…
    P.S… немесе Актобеде айтыскер акын жокпа екен….
    P.S… ОКИНИШТИ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *