Басты бет Негізгі бет Астанада халықаралық айтыс өтеді!!!

Астанада халықаралық айтыс өтеді!!!

 693 6

ЕРЖанибек      Құрметті айтыссүйер ағайын! Үстіміздегі жылдың 17 маусым күні «Бейбітшілік және келісім сарайында» батыр Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерейтойына арналған   «Ел қорғаған Ер Жәнібек» атты халықаралық айтыс өтеді.   «НұрОтан» партиясының қолдауымен,   «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры,   «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағымен»  бірлесіп  өткізіп жатқан айтысқа Қазақстан, Қытай, Моңғолия елдерінің айтыскерлері қатысады деп күтілуде. Атап айтқанда Қытайдан  Қанатбек Зәйтоллаұлы, Анаргүл Бәделханқызы, Моңғолиядан Сәтжан Тілашқан  секілді қандастарымыз өз өнерлерін ортаға салса, Мақсат Ақанов, Айбек Қалиев, Қарлығаш Әубәкірова, Еркебұлан Қайназар, Әсем Ережеқызы, Бауыржан Халиолла, Иран-ғайып Күзембаев, Ержеңіс Әбді,  Ринат Зайытов, Жақсылық Орынбасар, Мейірбек Сұлтанхан сынды ақындар Қазақ елінің атынан сөз сайыстырады!

Келіңіздер, көріңіздер! Ұлттық өнерімізді ұлықтай жүрейік, ағайын!

Өтетін орны: «Бейбітшілік және келісім сарайы»

Уақыты: 17 маусым, сағат 17-00-де.

ЕР ЖӘНІБЕК БЕРДӘУЛЕТҰЛЫ

           Жәнібек Бердәулетұлы (1714 – 1792) – батыр, шешен. Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға белсене қатысқан. 1760 ж.  абақ керейлерді Алтай тауының  қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырған. Есімі абақ керейдің ұранына айналған. Бір шайқаста мінген тұлпары болдырып қалған Абылай ханға  астындағы көк дөненін түсіп беріп, Абылайды құтқарып қалады, өзі жекпе-жекке шыққан екі қалмақ батырын жеңіп, жаудың бетін қайтарады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай  батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың аяғына дейін қатынасады. 1731 ж. Кіші жүз  ханы Әбілхайыр  Ресей империясының бодандығын қабылдаған кезде Ер Жәнібек керей тайпасын бастап, Сыр бойынан үдере көшіп, Қалба тауына келіп қоныстанады. Осы арадан Алтайдың Ақтау төңірегіндегі бір асуынан жол салып асып барып, өр Алтайды шолып қайтады. Бұл асу кейін “Жәнібек асуы” деп аталып кеткен. 1760 ж. Жәнібек батыр абақ керей руын Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне  қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырады. Сөз бастаған шешендігімен, ел бастаған көсемдігімен, жауға шапқан батырлығымен бүкіл абақ керейдің ұранына айналған «Ер Жәнібек» сексеннің үстіне шығып қайтыс болады. Ер Жәнібек туралы қытайдың Алтай аймағының  қазақтары «Жәнібек батыр» деген тарихи жанрдағы екі сериалды фильм шығарған. Қазір Алматы қаласының  Алатау ауданында Ер Жәнібек атындағы қысқа көше бар. Батырдың зираты Қазіргі  Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында Ортабұлақ деген жерде. Зиратының басына ескерткіш орнатылған. (уикипедия).

Пікірлер(6)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *