Басты бет 2014 ж.айтыс. "Ел қорғаған Ер Жәнібек" «Ел қорғаған Ер Жәнібек» айтысының теленұсқасы. «Қазақстан» арнасы.

«Ел қорғаған Ер Жәнібек» айтысының теленұсқасы. «Қазақстан» арнасы.

 1 327 2

Пікірлер(2)

  1. Аузы ашық, тілі байланған,
    Амалсыз айтыс өтті бұл тамызда.
    Миллиондап теңге беріп, сыйақыға
    Еркіндігінен айрылды ғой ер қапыда.
    Қоғамды жырлар деп ем мына айтыскерлер,
    Ата Заңы құлқындымен құлыптанған.
    Жырлар деп ем, аямастан, терме етіп,
    Алаяқ прокурорды «Генерал» еткенін кім?
    Жырлар деп ем, елді мына қарызы көп,
    Елбасының бергенін ала алмай жазған арызы көп!?
    АРызым жылдар бойы құлыптанған құқықта әділ қаралмады,
    Кәпір де болса, Меркел Иоаган мырза оқып салды.
    Заң жазды отыра салып, арызымды оқып,
    «Тергемелі сот» пен «медицина қылмыстарын»!
    Жазған қолынан, терең ойынан ел айналып отыр,
    Ал , мына айтыскерлер ауызы неге байланып отыр?
    Балаларына аналар киімге ақша таппай,
    «Мектепке қалай барам?»деп, баласы жылап отыр.
    Шағын несиені депозит банкіге құйып әкім,
    Шаруалық жалған кәсіпкерлер өсіп отыр.
    Пайызынан елге беріп,бетін жалатады,
    Түбірінен түріп жеп, үй алуда Астанадан,
    Ширегін беріп,шеттетіп, «игерілмеді» деп,
    Жартысын өкіметке ұялмай өтірікпен ұзатады?!..
    Өкімет пен оңтүстік құдалас боп,
    Қылмыс пен жұмыс араласады.
    Жыр-жігіт таң ата ақ қағазға сыр ашып тұр,
    Жамандық пен жақсылық ойға таласады.
    Айнұр қыз алпауыт айтыскерлермен,
    «Қыз бен жігіт» айтысын шығарып жүр.
    «НұрОтан» халықтың жайын білгісі келсе,
    Пікірін осы сөзге терең берсе екен?
    Ринаттай айтпаса да,кесіп салып,
    Елдің жайын біліп, жайлап болса-дағы,
    Тілді шешіп,тепсінбей-ақ,
    Шынайы өмірін тік айту керек еді…

  2. Кейпіне еніп, «Пушкин» мен «Құрманғазының»,
    Кешегі айтыста ақындар мен отырды қазыларым!
    Кереметін қос тұлғаның айта алмай, ақындарым,
    Ұйқас қуып, құр босқа сампылдадың!?
    Білім керек екен-ау айтысқа, соны білдім,
    Өкініштен қарт қазылар ештеңе айта алмады,
    Абақтыда отырғанын осы қос тұлғаның жыламады,
    «Кісенашқан» күйінің тегін жырлау керек еді,
    Түрмеден қашып шығып, далада шығарған күйін
    Құрманғазының бір күйін атап айтып талдамады!
    Ақын деген білімді болуы керек, жан -жағынан,
    Ұят болды бабалар рухы менен әруағынан?!
    Пушикннің «Узнигін» айта алмаса да, мысалдарын,
    Мысал етіп жырламады неге, кеше Болатбек ақын?
    Біріміз- бай,біріміз- кедей болмасын деп,
    Елбасымыз бергеннен жеп отыр, билік басындағы.
    Бүгінгі байдың бірі -мысық, бірі-күшік аңдып отыр,
    Кім қайдан нені бөліп жеп қояр екен деп,
    Ақшаны ойлаумен ғана әрбір таңы атып!
    Жыллау керек еді, Пушкиннің мысалдарын,
    Есек пен бұлбұл болған бар ғой, шонжарларым!
    Жемқорларды теңеп шошқа-торайларға,
    Есектің күйін кешкен кедейді жырлау керек еді,
    Жалданып егіс егіп,Қыш құйған тоғайларда!
    Жалшылар жаз бойы еңбек етіп, жал төлейді,
    тапқаны тамағынан артылмаған қазағым бар,
    Жалақысы жалгердің қалтасынан артылмаған!
    Соры бар маңдайында ашылмаған,
    Жекекәсіпкерлер Заңы бар қате жазылып,
    Талдауы аз болып , тармақтары тартылмаған,
    Жердің бәрін иемденген заңсыз бәрі,
    Енді иемденіп отыр,елдің жерін өзіне жалға беріп,
    Суаратын да, егетін де жалшы байғұс, кетпен шауып,
    Субсидияны үйінде жатып алады жалгерлер, неге?
    Бұлбұлы елдің мен болайын осыны айтып салып,
    Шортандар- халқымның шоты мен кетпенінен түскен табыс,
    Үш бөлігін жалгер жейді үйінде жатып,
    Екі бөлігінің бір жарым бөлігі қарызына кетіп,
    жарымжан күй кешеді, кедей мен момыным байғұс!
    Жекекісіпкерлер желкелеп алған жердің бәрін,
    Баяғы зәулім дүкендерді тиын тебенге сатып алып,
    Әр бөлмесін отыз мыңнан беріп отыр, ұялмастан,
    жалшы халқым, соны асырап, аш отыр ғой, балалары!?
    Жалшы елдің тағдырын жырлаған Пушкин ақын,
    Түрмеге түсіп, өлең жазған қаныменен,
    «Узнигін» әнімен орындап берер едім, әттең,
    Денсаулығым шамалы, шаршап жүрмін,
    Шындық іздеп, Шымкенттен мен де шауып!?
    Еркіндікті аңсаған күйші Құрманғазы бабам,
    Күйлерін талдамаған ақын ба, сараланған!
    Күй шығады күйшінің ішкі тағылымымен,
    Жыр шығады ақынның ішкі танымымен!
    Қос тұлғаның түрмеде шығарған еңбегі бар,
    Еске салар ақын көрмедім,өкінішім мол.
    Жасыру керек еді, сұрақ етіп, жұмбақтатып,
    «Кісенашқан» күйін қай жерде күйші шығарғанын,
    Сұрау керек еді, Болатбек Бектен сол кез,
    Пушкиннің абақтыда жазған сазгерлік еңбектерін,
    Өз өлеңіне өзі түрмеде ән шығарып,
    Тыңдаушысы— терезеге келген торғай болған,
    Қанаралас нан ұсағын терезеге қойған ақын,
    Таяғын жеп, сұрақ берген үстем тап өкілдері,
    Қолы қан болып, қалтасына салған кезде,
    Тиіпті қаны оның қалтасына нан ұсағын сақтап жүрген,,,
    Сол нан ұсағын жей алмастан, терезеге қойған екен,
    Аш торғай мен шымшық келіп, жеп тұрғанда,
    «Узник» өлеңін әнімен сонда шығарған екен!
    Біз —бақыттымыз, бәріміз бақытты болсын деп,
    Теңгергісі келеді елін, басқа елмен Елбасымыз!
    Бейбітішілік баяндамасын төл тілде оқып салды,
    Әлемдік Соғыстың бұзды кеше беталысын!
    Құрманғазы терең зерттелмеген күйші екенін,
    Айтар деп едім, Пушкиндей зерттелсе,артық жағын,
    Жазба ақын мен суырып салма ақын -жыраулардың,
    Артықшылығы бар айтар ерекшелігі көп,неге, неге
    Екі батыл ақындарымыз бұны кеше айта алмады?!:.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *