Басты бет Негізгі бет «Оразсыз өткен 10 жыл» атты еске алу кеші өтеді

«Оразсыз өткен 10 жыл» атты еске алу кеші өтеді

 2 114 1

Оразалының кеші  Ардақты ағайын, бүгін, яни қазан айының 30  жұлыдызында Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар  одағының  Әдебиетшілер үйінде айтыс өнерінің ақтаңгері Оразәлі Досбосыновты еске алуға арналған   «Оразсыз өткен 10 жыл» атты кеш өтеді. Еске алу кешіне ақынның үзеңгілес әріптестері, шәкірттері, өнер жұлдыздары, ұл-қызы Нұрайша мен Нұрсұлтан  қатысады деп күтілуде. Келем деушілерге есік ашық! Келіңіздер, көріңіздер!
        Осы орайда біз де айтыс өнерінің біртуар ақтаңгері — Оразәлі Досбосыновтың жарқын бейнесін жаңғыртып, үздік айтыстарының бірін ұсынып отырмыз. Тамашалай отырыңыздар!

Пікірлер(1)

  1. Он жыл ойсыраған орын

    Бір шумақ өлең оқышы,
    Қабірімді менің қазарда.
    Қаламымды орап бірге көм,
    Бір жапырақ қағазға.
    (Оразалы Досбосынов)

    Екі мың төрт. Күз айы — қазан еді,

    Таусылмай тұр әлі де аза легі…

    Шындығыңды тұратын шырылдатып

    Шын шайырын жоғалтты қазақ елі…

    Зарға бөгіп тау, дала, тал-қайыңды,

    Бар қазақтың жүрегі қарс айрылды.

    Табанымнан өткен сыз тәнді аралап,

    Мұздан суық тер шалды маңдайымды…

    Төресі еді ақ қардай таза жырдың,

    Жұта берді-ау тойымсыз қаза-құлқын!

    Кеудесіне жыр тұнған Ораз ақын,

    Шекесіне сыймады қазағымның…

    Сөз табатын табанда атпал жігіт,

    Жырларында жоқ түйір жаттандылық.

    Тірісінде бір атты мінгізе алмай,

    Жүрміз міне, атыңды мақтан қылып…

    Күндер зулап, ай ауып, көшті жылым,

    Нұрайша мен Нұрсұлтан өсті бүгін.

    Қап түбінде жатпайды алмас қылыш,

    Тесіп шығар қос жерден қос құлының!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *