Басты бет Негізгі бет Шымкентте өткен айтыстың қорытындысы

Шымкентте өткен айтыстың қорытындысы

 442 0

IMG-20141102-WA0001    Бүгін, қараша айының 2 жұлдызында Шымкент қаласы Опера және балет театрында  «НұрОтан» партиясының 15 жылдығына арналған  «Шырайлы, шежірелі құтты мекен» атты ақындар айтысы өтті. ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы, жазушы Мархабат Байғұт, сатирик Көпен Әмірбек, ақын, «Асыларна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков,     «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Бахтияр Тайжан төрелік еткен айтыста он ақын бақ сынасты.  

   Қазылардың бағалауы бойынша  айтыстардың қорытындысы төмендегідей болды:

Бірінші жұп:

Талғат Мықи (БҚО) 45 ұпай   — Біржан Байтуов (ОҚО) 46 ұпай

Екінші жұп:

Қуаныш Шарманов (Кереку)  45  ұпай —  Есет Досыалы (Тараз) 43 ұпай

Үшінші жұп:

Қанат Мырзахан (Алматы)  47 ұпай  — Қажымұқан Абзалов (Шымкент) 48 ұпай

Төртінші жұп:

Мұхтар Ниязов (Қызылорда)  49 ұпай — Нұрлан Мұсаев (Маңғыстау) 44 ұпай

Бесінші жұп:

Бекарыс Шойбеков (Түркістан)  50 ұпай —  Айбек Қалиев (Арқалық) 50 ұпай

   Бір айналыммен аяқталған айтыстың соңында Айбек пен Бекарыстың ұпайлары тең болғанымен  қазылар алқасының төрайымы Оразкүл Асанғазы:   «Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған деп, бас жүлдені Айбекке бердік» деді.   Ал, Қажымұқан мен Мұхтарды салыстыра келе  «бұл жолы екінші орынды бермейміз деп, Шымкентке  алып қалдық» деді. 

Сонымен жүлдегерлер тізімі төмендегіше:
1. Айбек Қалиев,  50 ұпай (Бас жүлде, 2 000 000 теңге)
2.Бекарыс Шойбеков, 50 ұпай (1-орын, 1 500 000 теңге)
3.Қажымұқан Абзалов,  48 ұпай (2-орын, 1000 000 теңге)
4.Мұхтар Ниязов, 49 ұпай  (3-орын, 750 000 теңге)
5. Қанат Мырзахан, 47 ұпай
6. Біржан Байтуов, 46 ұпай 
7.Қуаныш Шарманов, 45 ұпай
8.Талғат Мықи, 45 ұпай
9.Нұрлан Мұсаев, 44 ұпай
10. Есет Досалы, 43 ұпай

Қатысқан ақындардың барлығына 500 000 теңгеден сыйақы тағайындалды. Нұрлан Мұсаевқа  «Қазайтыс» сайтының арнайы жүлдесі тағайындалды.

 

«aitysker.org» сайты үшін Шымкенттен Ұ.Мамадиярова

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *