Басты бет 2014/12 ж.айтыс. "Мәңгілік ел-мұратым!" (Алтын домбыра) «Мәңгілік ел — мұратым!» атты айтыстың қорытындысы (Алтын домбыра)

«Мәңгілік ел — мұратым!» атты айтыстың қорытындысы (Алтын домбыра)

 866 12

йтыс   Ассалаумағалейкум, ардақты айтыссүйер қауым! Желтоқсан айының 5-6 күндері Астана қаласы «Конгресс-Холл» сарайында «НұрОтан» партиясының қолдауымен Тәуелсіздік күніне арналған «Мәңгілік ел — мұратым» атты Республикалық ақындар айтысы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп отыратын «Алтын домбыралы» қорытынды айтысқа еліміздің әр аймағынан 22 ақын қатысып, өзара бақ сынасты.
Айтысты Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізді. 5 желтоқсан күні 22 ақын, яғни 11 жұп түгел өнер көрсетіп, 6 желтоқсан күні үздік он ақын ақтық сайыстарда өнер көрсетті. Осы айтыстың қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз!

Сонымен қазылар алқасының құрамы:

Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы (төраға) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түрктану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор
АсанғазыОразкүл Асанғазықызы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Тілеухан Бекболат Мемлекеттік сыйлықтың иегері. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, қоғам қайраткері
Әмірбек Көпен Саяси-қоғамдық «Ара» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы сатира кеңесінің төрағасы. Президент гранты мен «Парасат» орденінің иегері. Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері
Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы
ӘшімовАсанәлі Әшімұлы Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  «Парасат» орденінің иегері
Тазабек Мұхамеджан Айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. «Асыл арна» телеарнасының директоры

 

БІРІНШІ АЙНАЛЫМ (5 желтоқсан)

Бірінші жұп:
Болатбек Оразбай (Алматы) — Нұрмат Мансұров (Астана)
(63 ұпай)             (61 ұпай)

Екінші жұп:
Ержан Әміров (Қызылорда)  —  Жансая Мусина (Орал)
(62 ұпай)               (63 ұпай)

Үшінші жұп:
Айбек Қалиев (Арқалық)  —  Айнұр Тұрсынбаева  (Астана)
(70 ұпай)               (70 ұпай)

Төртінші жұп:
Біржан Байтуов (Шымкент)  —  Сырым Әуезхан  (Астана)
(58  ұпай)               (58 ұпай)

Бесінші жұп:
Жандарбек Бұлғақов  (Астана)  —  Еркебұлан Қайназар (Астана)
(70 ұпай)             (70 ұпай)

Алтыншы жұп:
Қалижан Білдәшев  (Шымкент)  —  Жақсылық Орынбасар (Астана)
(Екі ақынға ұпай берілмеді)

Жетінші жұп:
Төлеген Жаманов (Жезқазған)  —  Әсем Ережеқызы (Астана)
(57 ұпай)            (57 ұпай)

Сегізінші жұп:
Әсет Дүйсебаев (Тараз)  —  Сара Тоқтамыс (Астана)
(70 ұпай)             (70 ұпай)

Тоғызыншы жұп:
Мейірбек Сұлтанхан  (Астана) — Балғынбек Имаш  (Астана)
(60 ұпай)              (69 ұпай)

Оныншы жұп:
Мақсат Ақанов (Қарағанды)  —  Нұрлан Мұсаев (Маңғыстау)
(69 ұпай)               (63 ұпай)

Он бірінші жұп:
Бекарыс Шойбеков (Түркістан) —   Мұхтар Ниязов (Қызылорда)
(70 ұпай)               (70 ұпай)

АҚТЫҚ СЫНДАР      (6 желтоқсан)

Бірінші жұп:
Әсет Дүйсебаев (Тараз) — Айнұр Тұрсынбаева (Астана)
(68 ұпай)              (70 ұпай)

Екінші жұп:
Балғынбек Имаш  (Астана) — Еркебұлан Қайназар  (Астана)
(70 ұпай)                (70 ұпай)

Үшінші жұп:
Айбек Қалиев (Арқалық)  —  Мұхтар Ниязов  (Қызылорда)
(69 ұпай)                 (66 ұпай)

Төртінші жұп:
Жандарбек Бұлғақов (Астана)  —  Бекарыс Шойбеков (Түркістан)
(70 ұпай)                    (70 ұпай)

Бесінші жұп:
Мақсат Ақанов (Қарағанды)  —  Сара Тоқтамыс  (Астана)
(63 ұпай)            (69 ұпай)

Жалпы қорытынды:
1. Балғынбек Имаш        (69 ұпай +70 ұпай )  (Бас жүлде, 3 млн.теңге)
2. Жандарбек Бұлғақов (70 ұпай +70 ұпай) (1-орын, 2 млн. теңге)
3. Еркебұлан Қайназар (70 ұпай +70 ұпай) (2-орын, 1.5 млн.теңге)
4. Бекарыс Шойбеков    (70 ұпай +70 ұпай) (3-орын, 1  млн. теңге)
5. Айнұр Тұрсынбаева  (70 ұпай+70 ұпай) (3-орын, 1млн.теңге)
6. Айбек Қалиев               (70 ұпай+69 ұпай)  (150 000 теңге)
7. Сара Тоқтамыс             (70 ұпай+69 ұпай)  (150 000 теңге)
8. Әсет Дүйсебаев            (70 ұпай+68 ұпай)   (150 000 теңге)
9. Мұхтар Ниязов           (70 ұпай +66 ұпай)   (150 000 теңге)
10. Мақсат Ақанов          (69 ұпай +63 ұпай)   (150 000 теңге)
11. Жансая Мусина        (63 ұпай)    (150 000 теңге)
12. Болатбек Оразбай   (63 ұпай)    (150 000 теңге)
13.  Нұрлан Мұсаев       (63 ұпай)    (150 000 теңге)
14. Ержан Әміров           (62 ұпай)    (150 000 теңге)
15. Нұрмат Мансұров   (61 ұпай)    (150 000 теңге)
16. Мейірбек Сұлтанхан(60 ұпай)  (150 000 теңге)
17. Біржан Байтуов         (58 ұпай)   (150 000 теңге)
18. Сырым Әуезхан        (58 ұпай)    (150 000 теңге)
19. Төлеген Жаманов    (57 ұпай)    (150 000 теңге)
20. Әсем Ережеқызы      (57 ұпай)    (150 000 теңге)
21. Қалижан Білдәшев           (—)     (150 000 теңге)
22. Жақсылық Орынбасар    (—)     (150 000 теңге)

Айтыстың аудио, бейне нұсқаларын алдағы уақытта сайтымыздан тамашалай аласыздар!

Пікірлер(12)

  1. Қазылардың есебін түсіне алмадым. Балғынбектің ұпайы аз болса да Бас жүлде алды. Байдың асын байғұс қызғанды демеңдер, неге нақты жеңдіріп бермейсіңдер осы. Көпен Әмірбек те бір көтерген бағамен қалу керек еді. Қазақбайлыққа салып жіберетініміз жаман. Еркебұланға бас бәйге бермейтіндерің бар, халықты (тобырды) алдап не керегі бар.

  2. Айтыс өте тамаша болды.Неге бас жүлдені екі күнде де 70 алған ақындарға бермейді.Бас жүлде алған ақын бірінші күні бас жүлде алатындай айтыс жасамап еді

  3. Финалдың ұпайы бөлек емес пе? Шартты түрде ғой анау балдар.
    70 ұпай алған 5 ақынды өдері бөлмей ме, несіне қазы әйтпесе?
    Оның үстіне, Еркебұлан 69 алған болатын әуелі, қазылар босбелбеулеу болып қалды.

  4. 1 орын ды Жандарбек ке емес, Еркебулан га беру керек еди, ал Алтын добраны Балгынбек ке берген дери оте дурыс, Балгынбек ен керемет бабында екен

  5. расымен де, ұпайы тең түскен ақындардың орнын анықтауда қазылар алқасы шешімді қалай қабылдағаны қызық әрі жұмбақ… 70/70 ұпай алған 4 ақынның кез-келгені «Алтын домбыраны» алуға хақысы бар емес пе?……..

  6. Шын мәнінде аламан айтыс қызық және тартысты болды. Айтыстың басы мен соңында түсінбейтін сұрақтар бар: неге Ринат Зайытовты аламанға қоспайды, соңында жалпы жыл бойына қорытындылайтын «алтын домбыра» айтысы болған соң әр ақынды жыл бойғы еңбектеріне де қарау керек секілді, менің өз пікірімше елім-айлап айтатын ақын Айбек Қалиевке бас жүлде беру керек сияқты еді.

  7. Айтыс деген аты гана. казир акындарга шектеу койган. Нуротанды мактау керек бул айтыста. Бауыржан. Ринат. Неге шыкпады екен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *