Басты бет Негізгі бет Белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды
Белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды
1  1 258

Белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды

 1 258 1

Елімізге белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы білім басқармасы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.

Айта кетейік, Бекарыс Шойбеков 1976 жылы 14 сәуірде Отырар ауданында туылған, Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университетін қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмандаған. Сонымен қатар, осы университеттің магистратурасы мен аспирантурасын бітірген.

Айтыскер ақын әр жылдары қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, Түркістан қалалық дарынды балаларға арналған «Өнер» мектебінің директоры, Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы болды. 2015 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Шымкент қаласындағы облыстық «Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарып келген.

Пікірлер(1)

  1. Шын жүректен құттықтаймын!!! Бұл қызметті де жоғары дәрежеде атқаратыныңызға нық сенімдіміз!!!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *