Басты бет 2015/09 "Азаттықтың алтын бесігі" «Азаттықтың алтын бесігі» 4-жұп: Аспанбек пен Еркебұланның айтысы
«Азаттықтың алтын бесігі» 4-жұп: Аспанбек пен Еркебұланның айтысы

«Азаттықтың алтын бесігі» 4-жұп: Аспанбек пен Еркебұланның айтысы

 2 434 14

Қазақ Хандығының 550 жылдығы және Алматының қала күніне арналған «АЗАТТЫҚТЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ» атты Республикалық ақындар айтысы

4-жұп: Аспанбек Шұғатаев (Павлодар) — Еркебұлан Қайназар (Астана)DSC00478

Айтыс 2015 жылдың 20-21 қыркүйек күндері Республика сарайында өткен

Сайтқа әзірлеген Еркебұлан Қайназар
Суреттерді түсірген Шұғайып Сезімхан

Пікірлер(14)

  1. Шынымен әсерлі айтыс болды. Қазақтың нағыз байлығы осы айтыс, ешбір шетелдік ортақтаса алмас. Алаш баласына ғана тән!

  2. Еркебулан ага керемет айтысты.Ал Аспан Ерекен айткандарды кайталап созин ауыстырып айтып берди.
    Ерекен кеш жанган жулдызгой шап Ереке талма самга

  3. Жарайсың, Аспанбек! Соз орамдарың, соны тіркестерің сондай ұтымды болды! Түйдек-туйдегымен жыбергенынде маскара мына алтын кайда жатқан деп таңдай кактык! Ойын ұшқыр, сөзің мырдын огындай екен! Иншалла солай бола берсе екен! Аллам тіл-көзден сақтағай!!!

  4. Керемет айтыс. Екеуі де мықты нағыз суырып салма ақындар. Аспанбек жарайсың! Жеңісің құтты болсын. Павлодарлықтар сені мақтан тұтамыз!!!

  5. Ассалаумағалайкүм, айтыс сүйер, халқымның жанашары, қадірлі ағайын. Өткен жылдың қыркүйек айында өткен осы айтыс, соңғы кездегі ең керемет айтыстардың бірі деп білемін. Әрине, айтыскер болуыдың өзі-ақ Алланың берген үлкен ерекше қасиеті мен маңдайға нәсіп еткен бағы болар. Дегенмен, сол айтыста додаға түскен жұптардың ішінде Еркебұлан мен Аспанбектің айтысы соңғы кездегі айтыстардың арасынан жүйрік сәйгүліктей сыйрылып шығып отырғандай. Өз басым, сөзіме тиек болған осы екі ақынның өнеріне қайран қалдым. Айтыстың соңында Жүрсін ағамыз айтқандай, ғажап қой бұл. Ешбір елде теңдесі жоқ, Айтыс өнерінің қазақтың басына нәсіп болғанына қуанамын және осы күндерде Айтыстай баға жетпес төл өнеріміздің қадірі жетерінше ескеріліп жатпағандай.
    Ағайын, сізге өтірік, маған шын, ақындарымыздың өнеріне теріс сын айтпақ түгілі, олардың жеңіне бір қылшық түсіру бізге үлкен сын, деп сенемін.

  6. Құрметті айтыскер сайтының қызметкерлері, осы айтыстың Ютубтағы нұсқасы қысқартылған екен. Сіздерден бір өтінішім, осы Еркебұлан мен Аспанбек арасындағы айтыстың қысқартылмаған толық нұсқасын тауып берсеңіздер. Рахмет

  7. Ассалаумағалайкүм қадірлі де, бақытты, маңдайының бағы бар ағайын. Осындай теңдесі жоқ өнердің қазақтың маңдайына бұйырғаны үшін жаратқанға мыңда бір Алғыс айтамын. Қазағымның рухын осындай қара нарлардың белі талмай, қоғаммының тәрбиесін осындай қанатты сөздер көтере берсін. Жүрсін ағамыз айтқандай: «Ғажап қой бұл!» Көздің жауын алған, жанарда жас келтірген, осындай үлгілі айтыстарымыз жалғаса берсін. Қазақтың Еркебұлан және Аспанбектей ұлдары аман болып, ізбасарлары көбейе берсін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *