Басты бет Айтыстар Видео ЖҮРСІН ЕРМАННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІНДЕ ТАРИХИ ӘННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ (ВИДЕО)

ЖҮРСІН ЕРМАННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІНДЕ ТАРИХИ ӘННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ (ВИДЕО)

 710 0

Алматыда күні ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі дүркін иегері, айтыс өнерінің ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның шығармашылық кеші өтті, — деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ақынның кеші Алматы әкімдігінің қолдауымен өтіп отыр.

М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өткен кеште Ерлан Рысқали, Еркін Нұржан, Аллажар Қайбар сынды бірқатар сахна жұлдыздары өнер көрсетіп, Дәулеткерей Кәпұлы, Бауыржан Халиолла, Айбек Қалиев, Еркебұлан Қайназар, Болатбек Оразбаев, Иранғайып Күзембаев, Мейірбек Сұлтанхан, Қалижан Білдашев, Шұғайып Сезімхан, Мұхтар Ниязов сынды айтыс ақындары жырдан шашу шашты. Кеш тізгінін Алаштың аяулы ақыны Аманжол Әлтаев ұстады.

Қала әкімі Бауыржан Байбектің құттықтауын орынбасары Арман Қырықбаев жеткізіп, сый-сыяпат жасады.

Бауыржан Халиолла, Айбек Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы Жүрсін Ерманның өздеріне арналған өлеңдерін оқыса, басқа да жас ақындар Жүрсін Ерманның жырларынан шашу шашты.

Кеш барысында ақындар жасаған Құлманбет айтыс та жиналған жұртты бір серпілтіп тастады.

Осы кеште тарихи оқиға деп баға беруге болатын бір оқиға орын алды. Жүрсін Ерманның сөзіне жазылған, қазақтың қайраткер жазушысы Қажығұмар Шабданұлы туралы сыр шертетін, Ерлан Төлеубайдың «Қажығұмар» әнінің тұсауы кесілді. Әнді дәстүрлі әнші, жырау Аллажар Қайбар орындады.

«Қамшы» сілтейді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *