АЙДАРОВ Шорабек Бәтейұлы

 721 1

ШОрабек                                               АЙДАРОВ Шорабек Бәтейұлы       

         1955 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылында дүниеге келген. 1972 жылы аталмыш аудандағы Жданов атындағы орта мектепті бітірген. Осы жылы еңбек жолын шопандықтан бастайды.1973-1975 жылдары әскер қатарында болады. Талас ауданы Жданов атындағы совхозда қара жұмысшы болып істейді (1975-1978). Кейін осы совхозда шопандық қызметін жалғастырады (1978-1980). 1980 жылы КазМем университетінің журналистика факультетінің сырттай бөліміне түседі. Бірақ, осы жоғары оқудан отбасы жағдайына байланысты 1983 жылы қол үзіп қалады. Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасында шаруашылық бөлімін басшы (1980-1983), Талас ауданы мәдениет бөлімінің методисі, халық театрының режиссері, автоклуб меңгерушісі қызметін атқарады (1984-1989). Талас аудандық «Талас тынысы» газетінде әдеби қызметкер (1989-1991), Талас аудандық тарихи өлкетану музейінің директоры (1991-1997), Тараз қаласындағы облысаралық «Салық тәртібі» газетінің тілшісі (1997-1999) болып қызметтер атқарған.     1999-2009 жылдар аралығында жұмыссыз қалуына байланысты ешқандай мемлекеттік қызметте болған жоқ, бірақ қоғамдық жұмыстан қол үзбеді: айтыс үйірмелерін ұйымдастырумен айналысты. 2009 жылдан бері ислами-ағартушылық «Асыл арна» телеарнасында жауапты шығарушы редактор болып қызмет атқарып келеді.

      1983 жылдан бастап ақындар айтысына қатыса бастады. Бірнеше дүркін облыс және Республика ақындар айтысында жеңімпаз атанды және жүлдегерлер қатарында болды. Мұқағали Мақатаевтың 60 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысында бас жүлде иеленді (1991). Республикалық наурыз айтысының жеңімпазы (1994). Осы жылы Ілияс Жансүгіровтың 100 жылдығына байланысты ұйымдастырылған Республикалық айтыста бәйгеге тұңғыш рет тігілген бас жүлде темір тұлпарды тізгіндеді.

ШОРАБЕК АЙДАРОВ ПЕН ЕЛЕНА ӘБДІХАЛЫҚОВАНЫҢ АЙТЫСЫ (ЖАЗБАНҰСҚА)

Пікірлер(1)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *