Басты бет Негізгі бет Есенқұл Жақыпбеков өмірден озды…

Есенқұл Жақыпбеков өмірден озды…

 852 2

есенкул

 

 

 

Қазақ елі тағы бір біртуар тұлғасынан айырылды. Қазақстанға танымал ақын, жазушы, шебер журналист, сазгер, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, телевизиялық айтыстың тұңғыш жеңімпазы Есенқұл Жақыпбеков алпысқа аяқ басқан шағында өмірден озды.

 

 

 

              Қазақ елі тағы бір біртуар тұлғасынан айырылды. Қазақстанға танымал ақын, жазушы, шебер журналист, сазгер, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, телевизиялық айтыстың тұңғыш жеңімпазы Есенқұл Жақыпбеков алпысқа аяқ басқан шағында өмірден озды.

            Есенқұл Серікбайұлы Жақыпбеков 1954 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Бірлік ауылында 10 ақпан күні дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген.

            Айтыскер ретінде кеңінен танымал суырыпсалма ақын Есенқұл Жақыпбековтың Әсия Беркенова, Әселхан Қалыбекова, Шорабек Айдаров және қырғыз елінің халық ақыны Әшірәлі Айталиевпен болған айтыстары айтыстың классикалық үлгісі ретінде есте қалды. Айтыс сахнасында 30 жылдан астам уақыт тер төкті. Ақынның екі жүзге жуық өлеңдеріне ән жазылған. Өзі шығарған әндері де халық арасына кеңінен таралған.

              Есенқұл Жақыпбеков, өз өлеңімен айтқанда, «ерте туып еш заманның маңдайына сыймаған» асқақ азамат еді. «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы», aitysker.org интернет порталы және барлық айтыскер ақындар атынан Алатаудай алыбынан айырылған алаш елі мен ақынның жанұясының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

 

 

Алпысқа аяқ басқанда

(Ақынның ең соңғы өлеңдерінің бірі)

Алпысқа аяқ басқанда
Жеттік міне алпысқа,
Өттік талай өткелден.
Біреулерге тұлға боп, біраз жерге жеткенмен
Жігіттеймін кезінде жетімдікті көп көрген

Кештім талай тар өткел,
Өттім бірақ жасымай
Азаматқа дәл мендей дұрыс екен осылай
Ащыны да жеп көрген,
Тәттіні де жеп көрген.

Күміс күйме мінбеген,
Алтын түйме тақпаған
Қара байыр жарымның болғанына мақтанам
Кімің бар деп еліңде
Біреу тізім жасаса

Сол тізімнің ішінде
Бар болғанға мақтанам.

Алпыс жасқа келгенше ағартқам жоқ шашты да
Мені сөйтіп ел-жұртым мейіріммен баптаған,
Болдым содан мінеки мисыз жүйрік ақтабан
Бермесе де ат астыма жолдас қылып жақсыға
Таң қаламын құдайым.
Қалай мені сақтаған?

Ағаларым алса да қанатының астына
Отқа салып күйдірген, шоққа салып қақтаған
Төске салып содан соң қылыш қылып таптаған

Ақын ақын болып па
Қаратаудың ойында,
Қарасудың бойында
Алтын құйрық, құндыз жүн
Құлын туар ма екен деп
Кендебей сал сияқты
Түнде кірпік қақпаған.

Киіп алып нілді етік
Қилы-қилы күнді өтіп,
От дария су кешіп осы алпыс жасымда
Опалымен бірлесіп
Отырғандай боп тұрмын
Оқпан таудан оралып
Алты алаштың ішіне
Атақ-даңқым таралып
Мың жасадым көңілмен
Қайта-қайта жаралып
Сен аман бол ендеше Еділ, Жайық, Жем, Сағыз
Сен аман бол Қара Ертіс, Есіл, Нұра саласы
Сен де аман бол, Іле, Шу, Арысы мен Таласы
Ешқайсына елімнің көзімнің жоқ аласы
Сен аман бол ендеше алты алаштың баласы
Сен де аман бол, Жетісу-қасиетті қара жұрт!

 

Пікірлер(2)

  1. Иманың қабірде жолдасың болсын, нағашы! Нағашы ағам Қанаттың тойында асаба болып той басқарды, сонда беташарда суырып салып туыстарды мамандығы мен туыстығына қарай күлдіріп өлеңге қоып жатты. Сонда мен туралы да бір қызықты өлеі шумақтары айтылып еді, қазір ұмытып қалдым…Ақиқатында бәріміз Бір Аллаһқа тәнбіз және ақиқатында бәріміз Бір Аллаһқа қайтарыламыз! Қабірде келетін Мүңкір мен нәңкір періштелерінің сұрақтарына айтыстағы әдетіңізбен мүдірмей өтіп кетіңіз деп тілейін…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *