АРҒЫНҒАЛИ Талант Талғатұлы

 617 0

Талант

1980 жылы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Шөптікөл ауылында дүниеге келген. Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Шөптікөл орта мектебінің тоғызыншы сыныбын тәмамдаған соң, 1995 жылы Орал қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балалар мектебіне қабылданады. Мектеп қабырғасында жүріп, Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арналған облыстық оқушылар айтысының және облыстық ақындар айтысының жүлдегері атанады. 1997 жылы Республикалық оқушылар олимпиадасына қатысып, жүлделі үшінші орынды жеңіп алған. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінің түлегі (1997-2001). Осы жоғарғы оқу орынының «журналистика магистрі» (2002-2004). Университет қабырғасында студенттер айтысының жүлдегері атанып, республикалық ақындар айтысына жолдама алады.
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (Семей, Аягөз), «Көкен Шәкеевтың 90 жылдығы» (Көкшетау), Дулат Бабатайұлына арналған (Астана) және тағы басқа республикалық, халықаралық деңгейдегі айтыстардың арнайы жүлде иегері.
Ел арасына кең тараған бірнеше ән мәтіндерінің авторы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *