Басты бет Негізгі бет Менде де арман жоқ шығар… (Е. Жақыпбековпен қоштасу)

Менде де арман жоқ шығар… (Е. Жақыпбековпен қоштасу)

 1 313 3

Есенқұл аға

 

 

 

…Орталық мәдениет сарайының алдында жиналған қаралы халықтың қарасы минут санап көбейді. Бұл ақиық ақынымыз, жыр додасының алыбы, есіл еріміз – Есенқұл Жақыпбековпен қоштасу митингі еді…

 

 

 

 


               14-күні таңғы сағат төрттер шамасында ардақты ақынымыз, талантты журналист, аты алты алашқа аян айтыскер ақын дүниеден озды. 1954 жылы дүниеге келген Есенқұл Жақыпбеков желтоқсан айында 60 жылдық мерейтойын өткізуге қызу дайындық үстінде жүрген болатын. Облыс көлемінде жүзеге асып, телеарналар, радиоларда дайындық іс шаралар басталып кеткен болатын. Соның бірі 13-қараша күні «31 телеарнада» «Айтылмаған әңгіме…» бағдарламасына Есенқұл ағамыздың өмір жолы арнайы тақырып етіп алынған еді. Бағдарлама өте сәтті түсіріліп, ағамыздың көңілі босап, түсірілім тобына, жалпақ жұртқа ризашылығын білдіріп, керемет көңіл-күймен үйіне қайтқан. Бұл ағамыздың өмірінің соңғы сәттері түсірілген бағдарлама екенінен бәрі бейхабар еді… Сол түнде сағат 4-шамасында еліміздің еркесі, айтыс өнерінің серкесі болған Есенқұл Жақыпбеков бақилық болды…
«Ажал айтып келмейді» демекші, суық хабар қазақияның төрт тарабына түгел тарап, таң ата аспанымыз күңіреніп, азалы үн естілгендей күйде болдық. Елдің түпкір-түпкірінен ат терлетіп ақынның алыс-жақын сыйластары Ұзынағаштың қаралы жұртының қарасын көбейткелі Алатау баурайына сабылды. 15-күні ел ағалары мен жақын жұрағаттары ағамыздың қонағасын берді. Қаралы үйдің алдына бірнеше киіз үй тігіліп, орталықта үлкен мейрамханада ас берілді. Шерхан Мұртаза бастаған зиялылар, өнер иелері, ақынның үзеңгілес бауырлары, артынан ерген шәкірттері түгелделіп бас қосты.
16-қараша. «Күрең күзді сүйемін…» деп күз айын ерекше жақсы көретін Есағамыз осы айдан қалмай бірге аттанбақ болды ма?! Орталық мәдениет үйінің алдында ақын ағамен қоштасу митингісі осы сөзбен басталды. Митингке Әселхан мен Айтақын бастаған ақындар тобы келді. Құрметті ұстазын, төс қағыстырған досын соңғы рет көріп, соңғы сапарға шығарып салуға Балғынбек Имашев, Бақыт Жағыпаров, Бауыржан Халиолла, Сара Тоқтамысова, Серік Қалиев, Күмісай Сәрсенбаева, Дәулеткерей Кәпұлы, Ахметжан Өзбеков, Жандарбек Бұлғақов, тағы басқа алашымыздың айбынды ақындарына айналған ұл-қыздары азалы алаңда бой көрсетті. Ақынның жырын жаттап, өнерін үлгі еткен шәкірттерінің саны жетіп артылады, бәрі осында, жанарлары жасқа толып, ардақтысын қия алмай тұрды. Әселхан апа ортаға шығып ботадай боздап тұрып арнауын оқығанда жұртшылықтың 62 тамыры бүлкілдеп, қабырғасы қайысып, жүректері қарс айрылды.
Қара тас, сенен қорықпаймын,
Сенен де кейде от шығар.
Қара жер сенен қорықпаймын,
Саған да жазда шөп шығар.
Айналайын, ағайын,
Сендермен жерді бір басқан,
Сүйгізген, сүйген, мұңдасқан,
Өмір-өлең, жыр-дастан,
Менде де арман жоқ шығар…-, қаралы елдің көзіне үлкен әріптермен жазылып ілініп тұрған осы өлең шумағы мен шат-шадыман көңіл күйде қадам басып келе жатқан Есағаның суреті көзге оттай басылып, ортамыздан алшаң басып кете барғандай күй кештірді. Өр азаматымыз өтті, ел арасында жыр шумақтары мен өшпес естелік болар ғұмырлық жолы мәңгілікке аңыз болып қалды….

Айдай Айтуғанқызы

Пікірлер(3)

Пікір қалдыру Зоя Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *