Басты бет Айтыскер ақындар АСАНҰЛЫ Қойлыбай

АСАНҰЛЫ Қойлыбай

 635 0

Қойлыбай

Филология ғылымдарының докторы, профессор
1964 жылы 10 қарашада Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылында шопан отбасында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Кейін облыстық «Замандас» жастар апталығы, «Орталық Қазақстан» газеттерінде тілші қызметін атқарған. 

 

 

 

 

 

Филология ғылымдарының докторы, профессор

1964 жылы 10 қарашада Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылында шопан отбасында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Кейін облыстық «Замандас» жастар апталығы, «Орталық Қазақстан» газеттерінде тілші қызметін атқарған. 1993-1996 жылдар аралығында Қарағандыда шығатын облыстық «Шипагер» денсаулық газетінде бас редактор болып қызмет етеді. 1994 жылдан Қазақстан журналистер одағының мүшесі. 1998 жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті журналистика кафедрасында қызмет істейді. 2010 жылы «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. «Жылымық жылдар жаңғырығы» (публицистикалық,2004), «Е.А.Букетов-публицист» (ғылыми зерттеу,2006), «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» (монография,2010), «Сөз өнері және журналистика» (оқу құралы,2012) кітаптары жарық көрген.
Қойлыбай Асанұлы алғаш рет 1987 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық телеайтысқа түсіп, содан бергі жиырма жылдан астам уақыт ішінде жүзге жуық айтысқа қатысты.
Күйші Сайдалы Сары Тоқаның 130 жылдығы, Кенішбай ақынның 125 жылдығына арналған ақындар айтыстарында топ жарып, бас бәйгені иемденсе, Төле бидің 330 жылдығы, Қабанбай батырдың 300 жылдығы сияқты республикалық деңгейдегі түрлі айтыстарда жүлделі орындарға ие болды. 1989 жылы Шымкент қаласында өткен халықаралық студент-жастар айтысының жеңімпазы. Сондай-ақ Қарағандыда өткен облыстық,аймақтық айтыстардың да бірнеше дүркін жеңімпазы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *