ӘБДІ Ержеңіс Тастыбайұлы

 685 0

Ержеңіс

1985 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген ауылында дүниеге келген. З. Шүкіров атындағы №20 мектепті бітірген (1991-2002). Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетін математика мамандығы бойынша тәмамдаған (2002-2006). Қазіргі таңда Қызылорда қаласында №3 мектеп-лицейде математика пәнінен мұғалімдік қызмет атқарады.
Алғаш қатысқан аудандық оқушылар айтысында бас жүлде иеленген соң, кейін студенттер және жастар айтысында бақ сынап бірнеше мәрте бас бәйгелерге қол жеткізген.

 

 

 

 

1985 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген ауылында дүниеге келген. З. Шүкіров атындағы №20 мектепті бітірген (1991-2002). Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетін математика мамандығы бойынша тәмамдаған (2002-2006). Қазіргі таңда Қызылорда қаласында №3 мектеп-лицейде математика пәнінен мұғалімдік қызмет атқарады.
Алғаш қатысқан аудандық оқушылар айтысында бас жүлде иеленген соң, кейін студенттер және жастар айтысында бақ сынап бірнеше мәрте бас бәйгелерге қол жеткізген. Бүгінде үлкен аламандарда бой көрсетіп, республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері атанды. . Қостанай облысы Жанкелдин ауданының 80 жылдығына арналған аймақтық ақындар айтысында жүлделі ІІ орын (2008), Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург Ә.Тәжібаевтың шығармашылығына арналған «Сырда туған жаңа Гейне мен болам» атты республикалық ақындар айтысында І орын, Жақайым баба пантеонының ашылуына арналған республикалық ақындар айтысында ІІ орын иеленген (2012).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *