Басты бет Негізгі бет Қазақтың айтыс өнері. Кеше мен бүгін.

Қазақтың айтыс өнері. Кеше мен бүгін.

 5 494 0

 

Айтыс өнері – ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен үндесіп, заманамен тілдесіп келе жатқан

Әзімбек

кемел дүние. Ауыз әдебиетінің жарқын мұрасы. Түркі жұртының, оның ішінде қазақ пен қырғыздың төл өнері болып табылатын сөз 
 сайысының, әсіресе, ұлтымыздың біртұтастығы мен саяси өміріне де зор ықпал еткені анық. Деректерге сүйенсек, тарихтағы қалыпқа түскен, келешекке жеткен алғашқы айтыс Асан Қайғы мен Қотан жыраудың арасында болған екен. Хронологияға салсақ, шамамен ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың орта шенінің аралығы сияқты. Уақытынан гөрі бес-алты ғасыр бұрын болған айтыстың бүгінге ескірсе де емен қалпын сақтап, өңін бұзбай жеткені маңызды. Ал әрмен қарай ше?

 

 

 

Қазақтың айтыс өнері (кеше)
Айтыс өнері – ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен үндесіп, заманамен тілдесіп келе жатқан кемел дүние. Ауыз әдебиетінің жарқын мұрасы. Түркі жұртының, оның ішінде қазақ пен қырғыздың төл өнері болып табылатын сөз сайысының, әсіресе, ұлтымыздың біртұтастығы мен саяси өміріне де зор ықпал еткені анық. Деректерге сүйенсек, тарихтағы қалыпқа түскен, келешекке жеткен алғашқы айтыс Асан Қайғы мен Қотан жыраудың арасында болған екен. Хронологияға салсақ, шамамен ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың орта шенінің аралығы сияқты. Уақытынан гөрі бес-алты ғасыр бұрын болған айтыстың бүгінге ескірсе де емен қалпын сақтап, өңін бұзбай жеткені маңызды. Ал әрмен қарай ше?

Одан әрі айтыс өнерінің дамуы қарындай түсті. Яғни, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қазақтың қай аймағын алсаңыз да суырып салмалық (импровизация) сөз саптау үрдісі ақындар деңгейінде жоғары сатыға жетті. Бізге жеткен дерек бойынша екі аралықтағы бір ғасырда айтыс ақындарының жыры сақталмаған немесе жаугершілік қиын заман болғандықтан. Айтыстағы өзіндік қолтаңбасын қалдырып, айтқаны ауыздан-ауызға көшіп, аты асқақтаған ақындарға Орынбай, Сүйінбай, Кемпірбай, Құлмамбет, Шашубай, Омарқұл, Мұрат, Жанақ, Шөже, Балта, Әсет, Рысжан, Тәбия, Ж.Жабаев, Шыбыл, Досмағамбет және т.б. жатқызамыз. Олардың барлық айтыстары сақталмаса да, халықтың жадында жатталғаны, кейбірінің қағазға түсуінің арқасында бірді-екілісі бізге жетті. Түре, сүре, қайым, жұмбақ, қыз бен жігіт айтыстарының қалыптасқан кезеңі де аталған тұлғалардың дәуірі. Бүгінге дейін көркемдік ерекшелігі жоғары, айтыс талаптары бойынша қай қырынан алып қарасаңыз да сын айтылмайтын әйгілі «Біржан мен Сара айтысы» дәл осы ғасырдың жемісі. Айтыстың көтерген мәселесі өз уақытының ең кемшін тұсын тап басқан. Қазақ пен қырғыз елінің ауыз әдебиетінде ойып тұрып орын алатын «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы» да ХІХ ғасырдың ортасында өткен. Бұл айтысты тереңінен зерттей келе Сүйінбай Аронұлын М.Әуезов «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп әділ бағалаған өз кезегінде. Бұдан кейін де айтыс өнері жалғасын тапты. Әр-әр аймақтарда Т. Ізтілеуов, К. Әзірбаев, Ү.Кәрібаев, Түбек, Кәрібай, Н.Ахметбеков, Құсайын, т.б. сынды ақындар өсіп шықты. Одан соң да Кеңес дәуірімен жас күндері тұспа-тұс келген қаншама ақындар болды. Айта кететін нәрсе, М. Әуезов атамыздың қыспаққа алған заман туып тұрса да, Алматы қаласында халық ақындарының айтысын өткізуі айтыс үшін үлкен жетістік еді. Осылайша қазақтың айтыс өнері кезең-кезеңімен келешекке жол тартып отырды. Отаршыл билік сүріндірсе де құламады, өшіргісі келсе де өлмей жетті.

Қазақтың айтыс өнері (бүгін)

Алашты әлемге паш еткен қазақтың қаранар жазушысы, көрнекті ғалым, фольклор зерттеушісі Мұхтар Әуезов «Айтыс – сөз барымтасы» деп бекерге айтпаса керек-ті. Ұлтымыздың төл өнерінің бүгінгі жай-жапсарына үңілсек, кешеден сарқыт боп жеткен мұраның күнгей де көлеңкелі жақтары бой көрсетеді. Әйткенмен әліге дейін бұқара жұрттың шері мен шеменін, көкейдегі сан сауалдың себебін қозғаудан танбай келеді айтысымыз. Баршамыз бұқаралық ақпарат құралдарын төртінші билік деп әспеттейміз, ал ертедегі айтыстың орны мен маңызы да дәл сондай ерен болған дейді зерттеушілер мен тарих тәмсілдері. Жалпақ тілге салғанда хан мен қараның арасындағы «алтын көпір» іспетті.

айтыс

Қазақтың айтыс өнерінің бүгіні туралы сөз қозғағанда, әңгіме ауанын айтыскер қауымға бұрмасақ болмайды. Қарсыласын ә дегеннен-ақ қаймықтырып, сөзбен төпелеп, жеңіске жетуді бүгінгі ақын да мақсат етеді. Кешелі-бүгінгі айтыстағы ақынның мақсаты бірдей болғанмен айтысудың жолдары өзгерді. Кешегідей бәдіктен тартып, жұмбақтап сөз соқпаса да түрелеп, сүрелеп, қайымдасып, ара-арасында қыз-жігіттің әзіл мен қалжыңға толы өлең сайысы айтыстың табиғатынан әлі ажырамаған. Үлкен мен кішінің арасындағы сыпайы сыйластық та бүгінгі айтыстың өн бойында жетіп артылады. Атап айтар болсақ, сахнадан түсе қоймаған айтыстың ардагері Айтақын Бұлғақов әртістік қабілетін көрсетіп, сөз бен әуен нақышын ойнату арқылы ерекшеленсе, Бекарыс Шойбековтің суырып салмалылығы, ондағы шымшыма шыншылдығы, табан асты тауып айтар ептілігін көре білген жөн. «Миллиардер» ақын Балғынбек Имашевтың әр сөзінің өтімді дарыта білуін, әзіл мен салиқалы пайымдарды орнымен қолдана білуін, айтыстың еркесі атанған нәзік жандылардың туын бір еліге түсірмей келе жатқан Айнұр Тұрсынбаеваның намысты жыр мен нанымды өлең өріп, артық ауыз сөзге жоламайтынын тілге тиек етуіміз дұрыс болар. Сонымен қатар классикалық айтыстың қыры мен сырына қанығып, тәжірибесі жоғары деңгейде тұрған С.Дүйсенғазин, А. Леубаева, Б. Халиолла, Р. Зайытов, Р. Қайыртайұлы, С.Тоқтамысова, Ж.Бұлғақов, М.Ниязов, Н.Мансұров, Д.Қамиев сынды бірқатар айтыскерлер бар. Осынау сүлейлер мен дүлейлердің аламанына түсіп, ауыздығымен шайнасқан арынды жүйріктермен бірге айтыс сахнасына жаңа көтеріліп келе жатқан М.Сұлтанхан, С. Әуезхан, Қ. Мырзахан, Ж.Бейбітов, Қ.Абзалов, Р.Қайдаров, Т.Мықи, Ж.Орынбасар және т.б. жас буын өкілдерін болашақ ақтангерлер дей аламыз. Оғлан туып, о дүниеге ерте кеткен О.Досбосынов, Е.Асқаров, А.Ишанов сынды дарабоздардың да есімі ұмыт қалмайды. Айтыс аламанда да ұрпақ жалғастығы, буын алмасуының болып тұратынының айқын дәлелі бұл. Жаратқан жұртымыздың жалауы болған айтысымызға жар болсын!

Манас Қайыртай

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *