Басты бет Негізгі бет Айтыстың бас жүлдесі — «ҮЙ»

Айтыстың бас жүлдесі — «ҮЙ»

 627 3

афиша

Қараша айының 28-күні Алматы қаласының Ғ.Мүсірепов атындағы жастар және балалар театрында «Қайнар» университетінің ұйымдастыруымен Халықаралық студенттер айтысы өткізіледі. 

 

 

 

 

 

 

 

Айтысқа қытай және қазақ жастары қатысады. Атап айтсақ, өткен көктемде Қазақстанға келіп айтыстан бас жүлде мен 1,3-орындар иеленіп кеткен қытайда оқитын төрт қандасымыз арнайы шақырылды. Олармен қатар Қазақстандық Сырым Әуезхан, Манас Қайыртайұлы, Амангелді Сейілхан, Алтынбек Ибаргимов сында Республикалық және аудандық ақындар айтыстарының жүлдегерлері бақ сынасады. Кештің арнайы қонақтары ретінде Төреғали Төреәлі, Еркін Нұржанов, «Алашұлы» тобы бой көрсетіп, жыр доданың сәнді өтуіне өз үлестерін қосқалы қамдануда. Өткізілгелі жатқан айтыс жаңа бағдарламалармен, көрермендерге тосын сыйларымен ерекшеленетін болды. Әділ қазылар қатарында Серік Қалиев, Бақыт Жағыппаров, Фархат Маратов, Ұлан Еркінбайдай мәдениет пен әдебиет, айтыс саласында өзіндік із салып жүрген ел ағалары болады. Бас жүлдеге Алматы облысы, Райымбек ауданының кәсіпкерлерінің қолдауымен пәтер ұсынылуда. 

Айта кетерлік жағдай бұл жастар айтысын студенттер ұйымдастырып жүр. Жыл сайын кіші көлемде өткізіліп жүрген айтыс Алматы жұртшылығының алдына шыққалы жатыр. Айтысымыздың жаңа буынын, жастардың жобасын, ел болашағын бірге қолдайық!

Пікірлер(3)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *