ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ Әбдіхалық (Сәбит)

 441 0

Сәбит1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында дүниеге келген. Шымкент Дене тәрбиесі техникумын және Шымкент әлеуметтің университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. 

1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында дүниеге келген. Шымкент Дене тәрбиесі техникумын және Шымкент әлеуметтің университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. 

Шымкент қаласының бас ақыны, «Майлы қожа» ақын жүлдесінің түңғыш иегері. Бірнеше республикалық және Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде өткен Халықаралық айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері. Республикалық шешендер сайысының бас жүлдегері (Орал қаласы). Республикалық сазгерлер байқауының М. Маңғытаев атындағы арнайы жүлдесінің иегері.
«Тұяғымын тұлпардың» атты жыр жинағы жарық көрген. «Оңтүстігім Отаным», «Сағыныш», «Рахмет, Дәрігер», «Ордабасым», «Тау тұлға» (Д. Қонаевқа), «Әсел әпке», «Жұбайлар жыры», «Немерем» ән клиптерінің сазгер-ақыны.
«Шымкент-шоу» әзіл, ән би театрының директоры, жетпіске тарта елімізге белгілі жас айтыскер, жыршы, термешілердің ұстазы. Тұңғыш ашылған дарынды балаларға арналған «Облыстық жас ақын импровизаторлар мен жыршы, термешілер мектебінің» директоры болып қызмет атқарған. (Қазіргі «Өнер» мектебі). Республика, облыс көлеміндегі мәдени іс шараларда жүргізуші, режиссер болып қызметтер атқарған.
Облыстық, қалалық мәслихаттың мақтау қағаздарымен марапатталған. 2010 жылы ОҚО «Жыл сазгері» атанып, Астанада Елбасы Н. Назарбаевтың мақтау қағазымен марапатталды. «Ардагерлер жыры» атты әні Республикалық Ардагерлер Ұйымының әнұраны болып қабылданды (Астана. 2012 ж.).
Қазіргі таңда «Оңтүстікфильм» МКҚК Бас әкімшісі қызметінде.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *