ӘБІЛ Қонысбай

 461 0

Қонысбай

  ӘБІЛ Қонысбай 

Қазақстанның халық ақыны
1954 жылы 21 мамырда Қостанай облысы Жангелдин ауданында туған. 1977 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Біраз уақыт Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Торғай, Целиноград облыстары бойынша меншікті тілшісі (1980—1985), облыстық «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары (1985), қалалық «Арқалық таңы» газетінің редакторы (1990), Торғай облыстық телерадио компаниясының төрағасы (1991 — 1995) болып қызмет атқарған. 1999 жылы «Қазақстан айтыс ақындары мен жыршылар одағының» төрағасы болып сайланды. Астана қаласы әкімі аппараты тіл саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде республикалық газет-журналдарда жарияланған. 1990 жылы Ташкент қаласында Балқы Базардың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында бас бәйгеге ие болып, осы жылғы республикалық ІІІ ақындар айтысында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ С.Торайғыровтың, Б.Майлиннің 100 жылдығы құрметіне өткізілген республикалық айтыстарда, телевизиялық айтыстарда сан мәрте топ жарды.
Айтыс өнеріне сіңірген зор еңбегі үшін 1990 жылы «Қазақстанның халық ақыны» атағына ие болды. Арқалық қаласының «Құрметті азаматы». «Астана» медалімен марапатталған.
«Бастау» («Жалын», 1980), «Көршілер» (Повесть пен әңгімелер.«Жалын», 1987), «Алаңғасар» (Әзіл-сықақ әңгімелер мен скетчтер «Өнер», 1989), «Қонысбайдың қалжыңдары» (Әзіл, қалжың, қағытпалар. Астана, «Елорда», 2000) еңбектерінің авторы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *